Республикалық олимпиада жүлдегерлері

Ағартушы-педагог, ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі мен шығармашылығын білім беру ұйымдары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен Ы.Алтынсарин атындағы 1 республикалық олимпиадасының жоғары дәрежеде өтуіне ерекше атсалысып, білімді де талапты оқушылар дайындағаны үшін кафедра доценті, п.ғ.к. Жазықова М.Қ.  ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығының АЛҒЫС хатымен марапатталды. М.Қ.Жазықованың жетекшілігімен орындалған Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының 3-курс студенті Төлегенова К. Ғылыми жұмысы Ы.Алтынсарин атындағы 1 республикалық олимпиадасының 1 дәрежелі дипломын иеленіп, студент еңбегі Ы.Алтынсарин атындағы 1 республикалық олимпиадасының материалдар жинағына енгізілді.