Ең алдымен

Ағымдағы жылдың 27-28 ақпан аралығында Тараз қаласы, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде өткен «ХХІ ғасырда өркениетті Қазақстан жағдайындағы үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесі: әлемдік руханият және инновациялық тәжірибе» атты І Халықаралық педагогикалық оқуларына Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің 7М01100 – «Педагогика және психология» білім бағдарламасы 1 және 2- курс магистранттары қатысып, «Үздік педагогикалық өнім-2020» байқауы бойынша жүлделі орындармен марапатталды.

Жеңімпаздар
Сағадатов Райбек, Тоғайбаева Арайлым- «Үздік шебер-сынып» 1 орын, Мейірханова Айдана- «Үздік инновациялық сабақ» 1 орын, Жақсыбай Назерке – «Үздік тәрбиелік іс-шара» 1 орын.

Жоба жетекшісі: п.ғ.к., профессор Бахтиярова Г.Р.