6В01301 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Шифр – мамандықтың атауы:

6В01301 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Магистратура:
6В01301 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
оқу мерзімдері – 1 жыл, 1,5 жыл, 2 жыл

Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):

2018 жылдың мамыр айында «Акредиттеудің және рейтингтің Агенттігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандырылған акредиттеуден 7 жылға сәтті өтті

Оқу түрі, мерзімі:

Күндізгі: 4 жыл, 3 жыл;
сырттай: 3 жыл, 2 жыл

Берілетін дәреже:

6В01301 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша білім бакалавры

Кәсіби қызметінің саласы:

Жалпы білім беретін бірінші сатысының барлық түріндегі педагогикалық үдеріс және білім беру мекемелеріндегі әдістемелік жұмыс болып табылады (білім беру мектептің бастауыш сатысы, педагогикалық колледждер, білім жетілдіру және педагогикалық кадрларды қайта даярлау институттары, білім департаменттері).

Кәсіби қызметінің нысандары:

Жалпы білім беретін бірінші сатысының барлық түріндегі педагогикалық үдеріс және білім беру мекемелеріндегі әдістемелік жұмыс болып табылады.

Кәсіби қызметінің пәні:

Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі білім бакалавры кәсіби қызмет саласы білім беру мекемелерін қамтиды (жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысы,  педагогикалық колледждер, білім жетілдіру және педагогикалық кадрларды қайта  даярлау институттары, білім департаменттері).

Кәсіби қызметінің түрлері:

– диагностикалық- оқушы тұлғасын, оқыту, тәрбиелеу және даму нәтижелерін зерттеу;
– ұйымдастырушылық-технологиялық;
– педагогикалық басқару
– жобалау;
– ғылыми зерттеу.

Практика базалары:

Ақтөбе қаласындағы орта мектептері №51, №39, №1, №27, №23, №6, Новый орта мектебі.