Педагогика факультетінде жұмыс берушілермен кездесу өтті

Жыл  сайынғы дәстүрлі кездесу, биыл да өз жалғасын тапты. 2020 жылдың 9 қаңтар күні Педагогика факультетінде бір мақсат-мүддеге бағытталған жұмыс берушілермен кездесу өтті. Кездесудің негізгі мақсаты: жұмыс берушілер тарапынан білім беру бағдарламаларына жаңа пәндер ұсыну, маман дайындау барысында күтілетін нәтижелерді талқылау, олардың көзқарастарын, ой-пікірлерін ескеру болды.
Бұл кездесуге:
  • Ақтөбе гуманитарлық колледж директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Калиева Ардақ Түгелқызы
  • Батыс Қазақстан және келіссөздер процесі орталығының директоры Куртаева Алия Владимировна
  • «WORC FORCE» кадрларды іріктеу және даярлау агенство басшысы Чернухина Татьяна Викторовна
  • №11 “Ақбота” көруі мен сөйлеуі бұзылған балалар үшін мектепке дейінгі арнаулы “коррекциялық” ұйымының меңгерушісі Измаева Жансая Жумабергеновна
  • Ақтөбе қаласының №1 ПМПК меңгерушісі Қаражанова Гульсум Буржановна
  • №33 “Нұр Сәт” мектепке дейінгі ұйымының меңгерушісі Кусмамбетова Ботагоз Куантаевна, cонымен қатар, университет басшылары мен факультет ұжымы, жұмыс тобы өкілдері қатынасты.