Қысқы психологиялық мектеп

2020 жылдың 16 қаңтар күні, Педагогика факультетінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қысқы психологиялық мектебінің ұйымдастырушылары пс.ғ.д., профессор Ф.С.Ташимова және пс.ғ.к., профессор М.П.Кабаковамен кездесу өтті. Қысқы психологиялық мектеп алғаш рет Ақтөбе өңірінде өткізілді. Кездесуге факультеттің деканы, п.ғ.к. Ж.А.Жусупова, Психологиялық-педагогикалық және арнайы білім беру кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д., профессор К.Ж.Туребаева, кафедраның профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Кездесуде “Интегративті психология” тақырыбында ой қозғалып, дүниежүзілік психологияның жаңа бағыттары мен технологиялары қызу талқыланды.