Университеттің 85 жылдығына 85 кітап

Жуырда тарих ғылымдарының кандидаттары, доцент Абенов Д. К. мен Абенова Б. С. Жұбанов университетінің 85 жылдық мерейтойына орай 85 авторлық еңбектерін университеттің ғылыми кітапханасына табыстаған болатын. Осы орайда авторлар эстафетаны Педагогика факультетіне жолдады.

Эстафетаны жалғастыру мақсатында Педагогика факультетінің бірқатар профессор-оқытушылар құрамы кітапхана қорын ғылыми-әдістемелік еңбектерімен толықтырды. Олардың арасында п. ғ.д., профессор Туребаева К.Ж., п.ғ.к., профессор Сейтенова С.С. , п.ғ.к., доцент, факультет деканы Жусупова Ж.А. бар.

Кітап табыстау рәсіміне қатысушылар кітап беру мен алмасу мәселесі оқытушылар үшін де, студенттер үшін де ерекше бастама екенін жеткізді.