5В012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану

Шифр – мамандықтың атауы:

5В012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану

Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):

2016 жылдың желтоқсан айында «Акредиттеудің және рейтингтің Агенттігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандырылған акредиттеуден 5 жылға сәтті өтті

Оқу түрі, мерзімі:

Күндізгі: 4 жыл, 3 жыл;
сырттай: 3 жыл, 2 жыл.

Берілетін дәреже:

5В012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы бойынша білім бакалавры

Кәсіби қызметінің саласы:

5В012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы бакалаврының кәсіби іс-әрекетінің саласы болып жалпы білім беретін ұйымдарда, арнайы (түзетуші) білім ұйымдарында, пенициатрлық типтегі мекемелерде, сауықтыру орталықтарында балалар мен оқушы жастарды әлеуметтендіру және тұлғалық дамыту процесі табылады.

Кәсіби қызметінің нысандары:

Жалпы білім беретін бірінші сатысының барлық түріндегі педагогикалық үдеріс және білім беру мекемелеріндегі әдістемелік жұмыс болып табылады.

Кәсіби қызметінің пәні:

5В012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы бакалаврының кәсіби іс-әрекет пәні болып балалар мен оқушы жастардың әлеуметтенуі мен тұлғалық дамуы, оның құндылық-мақсаттық бағдарлары, міндеттері, мазмұны, әдістері, формалары мен нәтижелері бірлігіндегі толыққанды процесі; жалпы білім беретін және арнайы білім беру ұйымдарындағы түземе-педагогикалық және тәрбиелік іс-әрекеттерді ұйымдастыру; балалар мен оқушы жастардың толыққанды әлеуметтенуі мен тұлғалық дамуының әлеуеттік мүмкіндіктерін зерттеу; өскелең ұрпақтың әлеуметтік және тұлғалық дамуында барынша жан-жақты қолдау көрсету табылады.

Кәсіби қызметінің түрлері:

5В012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы бакалаврының кәсіби іс-әрекетінің түрлері болып төмендегілер саналады:
– әлеуметтік-педагогикалық – жергілікті халықтың әлеуметтік қорғансыз бөлігіне: мүмкіндігі шектеулі адамдарға, оралман отбасыларына, әлеуметтік жайсыз отбасыларына гуманитарлық-әлеуметтік қолдау көрсету; олардың толыққанды өмір сүруіне арналған жағымды жағдайлар құруға көмектесу;
– оқу-тәрбиелік – балалардың, жеткіншектер мен жастардың әлеуметтенуі және тұлғалық дамуы; тәрбиелеу және оқыту процесстерін ұйымдастыру, педагогикалық процессті басқару; педагогикалық іс-әрекет нәтижелерінің диагностикасы, түземесі, болжамы; әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану саласындағы озық жаңа тәжірибелерді зерттеу, жинақтау, тарату.
– мәдени-ағартушылық – кино, театр, көркемдік-бейнелеу өнері, музыка саласындағы балалардың, жеткіншектер мен жастардың мәдени уақытын өткізу жұмыстарын ұйымдастыру; мәдениет саласындағы ағарту жұмыстарының бағдарламасын, әдістемесі мен технологияларын жасау; мәдени-бос уақытын өткізу орталықтарын ұйымдастыру; топтардың, индивидтердің әлеуметтік-мәдени іс-әрекеттерін қоғамдық практикада қалыптасқан әлеуметтік нормаларымен, дәстүрлерімен, құндылықтармен реттеу;
– ұйымдастырушылық-әдістемелік – орталықтар мен әлеуметтік қызмет көрсету органдарын құру, әлеуметтік жұмыс тәжірибесін зерттеу, қорыту, тарату; жергілікті халық арасынан заң шығарушы және басқа да құқық акттерін зерттеуді ұйымдастыру;
– жарнамалық-насихаттаушылық-әлеуметтік маңызды идеяларды, дәстүрлерді қолдау, дамыту және жалғастыру; әлеуметтік қызмет көрсету жарнамаларын ұйымдастыру; әлеуметтік жауапкершілік, қоғамға қызмет көрсету идеяларын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау;
– ғылыми-зерттеу – өскелең ұрпақтың өзін-өзі тануына, өзін-өзі іске асыруына көмектесу, әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану мұғалімінің көмегіне зәру балаларды, жеткіншектер мен жастарды оқыту, тәрбиелеу, дамыту және олардың дамуын түзеу процесінің ерекшеліктерін зерттеу;
– аниматорлық – әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қорғауға септігін тигізу бойынша нақты әлеуметтік модельдерді құру, жалпы білім беретін және арнайы (түземе) білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесіне әлеуметтік-гуманитарлық білімдерді ендіру.

Практика базалары:

51, 39, 1, 27, 23 Ақтөбе қаласындағы орта мектептері