«Абай мұра – асыл қазына» куратор сағаты

Педагогика факультеті, Педагогика, психология және бастауыш оқыту кафедрасы оқытушы Акашева А.Б. ұйымдастыруымен 22.04.2020 күні Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Абай мұрасы – асыл қазына» атты кафедралық Абай музейіне арналған 3D панорамалық куратор сағаты өтті. Семей қаласының Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық музейінің ғылыми қызметкері Бейсенбинова Гүлназ Талғатқызының музей жәдігерлері мен музейді толық таныстырумен өтті. Сонымен қатар әлеуметтік желідегі куратор сағатына қатысуға арналған шақыртуды көріп, ерекше қызығушылықтарын танытқан Атырау облысы, Жаңаөзен қаласының Қ.Күржіманұлы атындағы 8 мектеп мұғалімі 10А, 10Ә сынып оқушыларымен қатысса, Ақтау қаласының №3 орта мектебінің қазақ тілі жіне әдебиет пән мұғалімі Базарова Ақсана әлеуметтік желідегі хабарламаны көріп, қатысып отырғанын айтып өтті. Куратор сағат соңында кафедра оқытушылары мен студенттер, куратор сағатының қонақтары алған әсерлерімен бөлісіп, онлайн музейге саяхат куратор сағатына алғыстарын білдірді.