«Тілдерді оқыту» кабинеті

Елбасы үш тұғырлы тіл саясатын жыл сайын Жолдауында нақты атап көрсетіп келеді. «Өз тілің –бірлік үшін, өзге тіл – тірлік үшін» дегендей, көп тіл білетін адамның көп нәрсеге қол жеткізетіні белгілі жайт. Келешекте жеті жұрттың тілін біліп, мемлекеттің мүддесін, ұлты мен жұртының жай-күйін әлемге паш етер ұрпақ тәрбиелеу – білім беру ордасының басты мақсаты. Болашақ ұстаздардың нарық жағдайында бәсекеге қабілетті құзіретті маман болып қалыптасуы үшін үш тілді жетік меңгеру қажет.Осы ретте Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Педагогика факультетінде ашылған «Тілдерді оқыту» кабинетінің студенттерге қазақ, орыс және ағылшын тілдерін тереңдетіп оқытуда маңызы зор.