Қандығаш қаласындағы №1 мектепте кафедра филиалының ашылуы

2020 жылдың қазан айының 26-жұлдызында Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ университеті, Педагогика факультеті, “Педагогика, психология және бастауышта оқыту” кафедрасының Қандығаш қаласындағы №1 мектепте кафедра филиалын ашты.Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры, профессор Б.А.Ердембеков пен Қандыағаш №1 ЖББО мектеп директоры Б.Е.Утешова келісімшартқа қол қойды. Кафедра филиалын ашу мақсаты- кәсіби мамандар даярлау сапасын арттыру, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, бастауыш мектеп мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету, мұғалімдер мен оқушылардың ғылыми жобаларына жетекшілік ету. Факультет деканы п.ғ.к., Ж.А.Жусупова болашақта екіжақты жоспар құра отырып, кафедра филиалының ғылыми және әдістемелік әдебиет қорымен толықтырылатындығын. Кафедра меңгерушісі п.ғ.к., қауымдастырылған профессор С.С.Сейтенова филиалмен бірлескен әдістемелік семинарлар, онлайн конференция және т.б. ұйымдастырылатындығы жөнінде айтты.