Педагогикалық факультетте “Білім күні” өтті

“Педагогикалық факультетте “Білім күні” өтті”

1-қыркүйек күні Педагогика, психология және бастауыш оқыту кафедрасына қарасты Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, Әлеуметтік педагогика және тьютор ББ бойынша 1-курсқа түскен студенттерге арналған “Білім күні” мерекесіне арналған “Жұбановпен жарқын болашаққа” тақырыбында мерекелік шара өтті.

Оның барысында топ студенттері Абай Құнанбаевтың 32-ші қара сөзін негізге алып, қазақ халқының білімге мотивация беретінн нақыл сөздерін айтты және Еркінқызы Гүлсімай мен Қуандықова Арай өз шырғармашылықтарының студенттерге арналған өлең оқыды.

Шара соңында топ куратор-эдвайзерлері Адильшинова Зина Усейнгазиевна мен Сағадатов РайбекТелжанович білім күнімен құттықтап, Жұбанов университетін таңдаған суденттерге алғыс білдіріп, ақ жол тіледі.