«Қазақстанның батыс өңіріндегі педагогика ғылымының тарихы, дамуы және зерттеу перспективалары» атты республикалық ғылыми практикалық конференция

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 85-жылдық мерейтойы аясында Педагогика факультеті, Психологиялық-педагогикалық және арнайы білім беру кафедрасында 02.10.2020 ж. Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция жұмысына университеттің Ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры, т.ғ.д., профессор Р.А.Бекназаров, профессор-оқытушылар, Батыс өңіріндегі іргелі ЖОО ғалымдары, докторанттар, магистранттар, студенттер қатысты.

Пленарлық мәжілісте Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінен п.ғ.д., профессор Ш.И.Джанзакова, Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінен п.ғ.к., профессор А.Қ.Егенисова, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы директоры п.ғ.к., доцент Ш.Т.Габдрахманова, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Педагогика факультеті деканы, п.ғ.к., доцент Ж.А. Жусупова конференция тақырыбына байланысты ғылыми баяндамалар жасады.

​Конференцияның жұмысы университетіміздің ардагер ұстазы, п.ғ.к., доцент А.К. Кенжеғұлованың «Педагог-автор-зерттеуші» тақырыбында, п.ғ.к доцент А.Қ.Тоғайбаева, п.ғ.к., доцент М.Н. Есенғұлованың «Бастауыш класс оқушыларының оқу дағдысын дамытудың педагогикалық психологиялық мәселелері» тақырыптарындағы шеберлік класстарын ұйымдастыруымен жалғасты.