Педагогикалық практиканың қорытынды конференциясы

25.01.2021 жылы Педагогика факультетінің Психологиялық-педагогикалық және арнайы білім беру кафедрасы бойынша педагогикалық практиканың қорытынды конференциясы ұйымдастырылды. 6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, 6В01902- Арнайы педагогика білім бағдарламаларының оқу жоспарына сәйкес 1 курс студенттері 2021 жылдың 11 қаңтары мен 22 қаңтары аралығында жоспарланған педагогикалық практикадан өтті. Қорытынды практика барысында топ студенттері практиканың жұмыс жоспарына сәйкес жасалған жұмыстарға тоқтала келе, студенттерде кездескен қиындықтары және ұсыныстарына тоқталды. Конференция соңында кафедра меңгерушісі К.Ж.Туребаева, практика әдіскерлері өз пікірлері мен тілектерін білдірді.