Әлеуметтік-гуманитарлық зерттеу контекстіндегі балалар мен жастар мәселесі

2021 жылдың 22 сәуір күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, педагогика факультеті, педагогика, психология және бастауыш оқыту кафедрасының ұйымдастыруымен «Әлеуметтік-гуманитарлық зерттеу контекстіндегі балалар мен жастар мәселесі» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Пленарлық мәжілісте отандық танымал ғалымдар Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің диссертациялық кеңес төрағасы, «Педагогика және психология» кафедрасының профессоры, п.ғ.д. Ш.М.Майгельдиева, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., профессор Т.С. Сламбекова, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің «Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру» кафедрасының оқытушысы, п.ғ.к., доцент Г.А. Ергалиева, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, «Психология және арнайы білім беру» кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а, Phd К.О. Казиев, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, педагогика факультетінің деканы, п.ғ.к., доцент Ж.А. Жусупова, кафедра филиалы «Ақтөбе облысының білім басқармасы Мұғалжар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің №1 Қандыағаш қалалық жалпы білім беретін орта мектебінің директоры Б.Е.Утешова өздерінің  мазмұнды баяндамаларын жасады.

Конференцияға еліміздің түрлі білім беру ұйымдарынан 80-ге жуық мақала келіп түсті. Онлайн жүйеде өткен конференцияға Астана, Алматы, Қызылорда, Атырау, Орал қалаларынан отандық ғалымдар, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары мен жас ізденушілер, докторанттар, магистранттар және аудандардағы кафедра филиалдарынан мектеп мұғалімдері қатысты.