Педагогика факультетінің деканы

Педагогика факультетінің деканы


Жусупова Жанна Азатовна

Лауазымы: Педагогика факультетінің деканы

Ғылыми атағы: Доцент

Ғылыми дәрежесі: Педагогика ғылымдарының кандидаты

Телефон: +7 (7132) 24-95-74

E-mail: zhanna.zhusupova@inbox.ru

Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Ә.Молдағұлова даңғылы 34, № 316 кабинет


 

Жусупова Жанна Азатқызы – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының корреспондент мүшесі.

Білімі

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде «Педагогика және психология» мамандығы бойынша аспиратураны тәмәмдады. 2010 жылы 13.00.01-Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика бойынша «Оқу әрекеті барысында бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастырудың дидактикалық негіздері» тақырыбында диссертациялық жұмысын сәтті қорғап шықты.

Еңбек жолы

Еңбек жолын бастауыш мұғалімінен бастады, кейін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, академиялық ұтқырлық бөлімінің басшысы, кафедра меңшерушісі. Қазіргі таңда Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ педагогика факультетінің деканы.

Ғылыми-педагогикалық еңбек жолында БжҒМ Құрмет Грамотасы, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы -2017» мемлекеттік грантының иегері, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-іне 50 жыл мерекелік медалімен марапатталды.

Ғылыми-зерттеу қызметі

Ж.А.Жусупованың педагогика мен білім беру саласына арналған 70-тен аса ғылыми еңбектері (2 оқулық, 2 оқу-әдістемелік оқу құралы, 1 монография, 1 электронды оқу құралы, 4 әдістемелік құралдары: «Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар жинағы», «Оқушылардың оқу әрекетіне танымдық қызығушылығын қалыптастыру негіздері» арнайы курсының бағдарламасы, «Оқу әрекетіне танымдық қызығушылықты  қалыптастыру теориясы мен әдістемесі» атты оқу-әдістемелік нұсқау, «Педагогикалық шеберлік», «Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі» (С.Е.Қаңтарбаймен авторлық бірлестікте),  «Педагогика»  оқу құралы орыс тілінде Lambert Academic Publishing Неміс ұлттық кітапханасы қолдауымен электронды оқу құралдары мен халықаралық, республикалық, облыстық ғылыми-практикалық конференцияларда, ғылыми басылымдарда жарияланған.

Республика көлемінде «Педагогикалық шеберлік» атты оқулығы оқыту үдерісінде кеңінен қолданылуда және республикалық жоғары оқу орындары аралық электронды кітапханасында (РМЭБ) ТОП 100 көбірек таңдалған ресурстардың қатарында 1-орында тұр.

 


Оқу жұмысы жөніндегі деканның орынбасары
Тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасары