Деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары

Деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары


Рысбаева Ардақ Куанышқызы

Лауазымы: Деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары

Ғылыми дәрежесі:Педагогика және психология магистрі

Телефон: +7 (7132) 24-95-74

E-mail: ardak_rusbaeva@mail.ru

Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Ә.Молдағұлова даңғылы 34, № 316 кабинет


 

Рысбаева Ардак Куанышовна  педагогика және психология магистрі. Негізгі ғылыми бағыты бастауыш сынып оқушыларының интеграция негізінде ізгілікті қарым-қатынасын қалыптастыру.

Білімі

2005-2009 ж.ж. Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының 5В010200 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы және әдістемесі» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген;

2009-2011ж.ж. Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының 6М010300-«Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистратурада оқыды. П.ғ.к., доцент К.И.Исламованың жетекшілігімен «Бастауыш мектепте интеграция негізінде оқушылардың ізгілікті қарым-қатынасын қалыптастыру» тақырыбындағы магистрлік диссертациясын сәтті қорғап, «педагогика және психология магистрі» академиялық дәрежесін иеленді.

Еңбек жолы

2011 жылдың қыркүйек айынан бастап 2013 жылдың ақпан айы аралығында Педагогика және психология факультеті деканының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарды;

2013 жылдың ақпан айынан бастап 2014 жылдың қыркүйек айы аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Педагогика және психология факультеті деканының орынбасары қызметін атқарды;

2014-2017 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Педагогика институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды;

2017 жылдың мамыр айынан бастап Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Педагогика факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.

Ғылыми-зерттеу қызметі

Ғылыми – педагогикалық еңбек өтілі – 9 жыл. Қазіргі таңда облыстық, республикалық, халықаралық ғылыми басылымдарда 41-ден астам  ғылыми мақаласы  жарияланған және  1 оқу құралының авторы.

 


Педагогика факультетінің деканы
Деканның тәрбие жұмыстар жөніндегі орынбасары