Педагогика және психология кафедрасы – Кафедра тарихы

Педагогика және психология кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Кафедра тарихы

Педагогика және психология кафедрасының қалыптасуы мен дамуы 1966 жылы Батыс Қазақстанда құрылған ең ірі университеттердің бірі болып табылатын Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің тарихымен тығыз байланысты. Кафедра осы университеттің жетекші кафедраларының бірі болып табылады.

Бірінші күннен бастап кафедра қызметкерлері университеттің оқу үдерісінің ғылыми-практикалық, әдістемелік базасын қалыптастыру үшін бар күш-жігерін жұмсады. Кафедраның профессор-оқытушылық құрамы кафедра тарихындағы жалпы педагогика және психологиялық ғылымдарды зерттеуге шоғырландырады.

1960-шы жылдардың басынан бастап кафедра оқу үрдістерін интеграциялау, оқу-танымдық қызметтегі студенттерді ынталандыру, пәнаралық қарым-қатынас, әртүрлі білім беру проблемаларын шешу, өзекті мәселелер бойынша ғылыми мақалалар мен оқу құралдарын шығару бойынша жұмыстар жүргізіп келеді.

Кафедраның тарихында бірнеше белгілі ғалымдар бар. 1966-1971 жылдар аралығында К.Б. Балниязова ең бірінші кафедра меңгерушісі болып тағайындалды.

1971-1976 оқу жылдары аралығында кафедраны доцент Ш.И.Имашев, 1976-1985 оқу жылдарында В.Н.Мунасыпова басқарды.

1981 жылы кафедраның бөлінуіне байланысты Психология кафедрасы құрылды. 1986 жылдан 1991 жылға дейін педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Т.П. Антипова, 1991 жылдан бастап философия ғылымдарының докторы, профессор А.Т.Тайжанов кафедраның дамуына зор үлесін қосқан.

1997-2012 жылдары кафедраны педагогика, психология ғылымдарының докторы, профессор А.А.Калюжный, 2012-2013 оқу жылдары аралығында кафедраны педагогика ғылымдарының докторы Б.Ж.Курманова меңгерді.

2014 жылы Психология және педагогика кафедрасы мен әлеуметтік педагогика және психология кафедраларын біріктіріп, «Білім беру педагогикасы және психология» атты бір кафедра құрылды. Кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент Жукенова Г.Б. болды.

1981 жылы Ақтөбе педагогикалық институтында «Теориялық және қолданбалы психология» кафедрасы құрылды. Кафедраның ең бірінші меңгерушісі болып медицина ғылым кандидаты Р.Э.Ран тағайындалды.

1984 жылы Ақтөбе педагогикалық институтына психология ғылым кандидаты Кухарева Т.А. шақырылды. 1993 жылы кафедра меңгерушісі аға оқытушы Турахметова А.Б. болды.

2008-2017 жылдар аралығында  Теориялық және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі психология ғылымдарының кандидаты, доцент Карабалина А.А. атқарды.

Кафедраны оңтайландыру және жаңашаландыру мақсатында 2017 жылы «Теориялық және қолданбалы психология» кафедрасымен «Білім беру педагогикасы және психологиясы» кафедрасын қосып, «Педагогика және психология» кафедрасы ашылды. Қазіргі тұрғыда кафедра құрамында 24 оқытушы бар. Оның ішінде 9 ғылым кандидаттары,  3 PhD докторы және 12 магистр.

 

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы