Педагогика және психология кафедрасы – Оқу және ғылыми қызметі

Педагогика және психология кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Оқу және ғылыми қызметі

Кәсіби қызмет объектісі

Бітірушінің кәсіби қызмет объектісі: мектепке дейінгі мекемелер, орта мектептер, лицей және гимназиялар, мамандандырылған және тәрбиелік мекемелер, оқу орындары және техникумдар, ғылыми зерттеу институттары мен зерттеу орталықтары, спорт және шығармашылық ұйымдары, денсаулық сақтау мекемелері, кәсіптік оқыту және кәсіптік бағдар орталықтары, қалалық және республикалық әлеуметтік қызметтер, жұмыспен қамту орталығы, қоғамдық пікір мен саяси технологияларды зерттеу орталықтары, өндірістік кәсіпорындары мен бизнес ұйымдары.

Кәсіби қызмет түрлері

  • Өндірістік – басқарушылық («субъект-субъект» ара-қатынасы);
  • Жобалық (бастауыш мектептегі білімді модельдеу);
  • Ғылыми – зерттеу (ғылыми-зерттеу мекемелерінің кез келген түрінде, ұйымдастыру, ғылыми-зерттеу жобаларын модельдеу және жүзеге асыру);
  • Білім беру (педагогика және психология мұғалімі, білім беру саласындағы педагог-психолог, кадрларды дайындау және қайта даярлау).

Кафедраның ғылыми жұмыстарының негізгі бағыттары келесілер:

Жеке тұлға. Өмірлік іс-әрекет әртүрлі сферасындағы жеке тұлғаның өзіндік жүзеге асырылуы.

Кафедраның ғылыми-зерттеу іс-әрекеті келесі бағыттармен жүргізіледі:

  • Жеке тұлғаның қатынасы мен өзіндік санасы;
  • Жеке тұлғаның құндылықты-мотивациялық сферасы;
  • Жеке тұлғаның өмірлік жолының психологиясы;
  • Жеке тұлға және отбасының феноменологиясы;
  • Корпоративтік мәдениет контекстіндегі жеке тұлға;
  • Психология тарихы контекстіндегі жеке тұлға;
  • Жеке тұлғаны зерттеудегі интегративті бағыт;
  • Жеке тұлғаны тарихи-психологиялық талдау;
  • Педагогикалық-психология контекстіндегі жеке тұлға;
  • Жеке тұлғаның этникалық өзіндік санасы, этникалық стереотиптері;
  • Жеке тұлғаға психологиялық көмек беру.

Академиялық ұтқырлық бойынша шетел ғылымдарымен оқу алмасудағы байланыс

Академиялық ұтқырлық бойынша Болгар мемлекетінен Св.Климента Охридского атындағы Софийский университетінен Профессор, пс.ғ.д. Бойко Ганчевский Георгиев «psychodiagnostics of criminal behavior» тақырыбында лекция оқыды және «Экстремальные ситуации в современном мире» тақырыбында Республикалық онлайн семинар өткізді

«Әлеуметтік желілерді пайдалану арқылы құзыреттілікті дамыту» тақырыбында 1,2 курс магистранттардың қатысуымен халықаралық онлайн-конференция Гданьск университетінің  PhD докторы Adam-Jagiello-Rusilowski(Польша) қатысуымен өткізілді.

Аккредиттеу

5В010300-Педагогика және психология, 5В050300-Психология мамандығы  Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (НААР) ҚР стандарттарына сәйкестігі үшін мамандандырылған аккредитациядан сәтті өтті.

2016-2017 оқу жылында «Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі» қорытындыларын талдау бойынша 5В050300-Психология мамандығы 14 ЖОО арасында  3 орынға ие болды, 5В010300-Педагогика және психология мамандығы бойынша магистратура 20  ЖОО арасында  7-орынға ие болды.

 

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы