7М03101 – Психология
Шифр – мамандықтың атауы:
7М03101 – Психология.
Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі)
–
Оқу түрі, мерзімі:
Бейіндік бағыты – 1,5 және 1 жыл.
Ғылыми-педагогикалық дайындық бағыты – 2 жыл.
Берілетін дәреже:
Ғылыми-педагогикалық бағыт: 7М03101 – Психология мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдарының магистрі.
Кәсіптік қызмет түрлері:
- психологиялық-практикалық;
- әдістемелік;
- өндірістік-басқару.
Кәсіби қызметінің саласы:
7М03101 – Психология кәсіби қызметінің объектісі жалпы білім беретін мектептердің бірінші сатысының барлық түріндегі педагогикалық үдеріс және білім беру мекемелеріндегі әдістемелік жұмыс болып табылады.
Кәсіби қызметінің нысандары:
Магистратураны бітірушілердің кәсіптік әрекетінің нысаны:
- диагностикалық – оқушы тұлғасын, оқыту, тәрбиелеу және даму нәтижелерін зерттеу;
- ұйымдастырушылық-технологиялық (педагогикалық технологиялар негізінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру);
- педагогикалық басқару («субъект-субъектінің» өзара әрекеті, білім беру менеджменті);
- жобалау;
- ғылыми-зерттеу (білім беру мекемелеріндегі мәселелерді шешудегі шығармашылық ізденіс, педагогикалық тәжірибені зерттеу, рефлексия).
Кәсіби қызметінің пәні:
Бітірушілердің кәсіби қызметінің пәні ретінде психологиялық-педагогикалық диагностика, педагогикалық қызметті моделдеу, педагогикалық үдерісті жоспарлау және ұйымдастыру, талдау және реттеу, өзін өзі жетілдіру, өз бетімен білім алу, өзіндік даму, әлеуметтік институттармен байланыс орнату болып табылады.
Кәсіби қызметінің түрлері:
7М03101 – Психология мамандығы бойынша магистратура түлектері кәсіби қызметтің келесі түрлерін атқара алады:
- ғылыми және педагогикалық дайындық бағыты бойынша:
- ұйымдастырушылық-басқарушылық;
- ғылыми-зерттеу;
- педагогикалық;
- жобалау.
Практика базалары:
Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ «Педагогика» факультеті, Педагогика және психология кафедрасы, №21 мектеп-гимназиясы, №40 қазақ мектебі, №30, 1, 39 қазақ орта мектептері, Батыс Қазақстан медиация және келіссөздер орталығы, «Эксперт» психологиялық-консалтингтік орталығы және арнаулы орта білім беретін мекемелер.