Студенттік өмір
Студенттік өмір
Педагогика және білім беру менеджменті факультетіндегі тәрбие қызметінің мақсаты еңбек нарығында жан-жақты дамыған, белсенді, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары болашақ маман тәрбиелеу.
Факультетте тәрбие жұмысы бекітілген жұмыс жоспары бойынша төмендегі бағыттарды қамтиды:
- патриоттық тәрбие және рухани-адамгершілікті қалыптастыру;
- діни экстремизмнің алдын алу;
- құқықтық тәрбие;
- сыбайлас жемқорлықтың алдын алу;
- дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Тәрбие жұмысының мазмұны басты үш бағытқа кіріктірілген:
- студенттердің кәсіби еңбек мәдениетін қалыптастыру
- студенттердің азаматтық-құқықтық мәдениетін қалыптастыру
- студенттердің адамгершілік мәдениетін қалыптастыру
Сонымен қатар факультеттегі тәрбие жұмысы Кураторлар кеңесі, Жастар саясаты бөлімі және студенттердің өзін-өзі басқару ұйымдарымен жүргізіледі.
Факультетте студенттердің белсенділігі мен түрлі студенттік өмірдегі сұрақтарды шешу мақсатында өзін-өзі басқару ұйымы қалыптасқан. Білімгерлер факультет Кеңесі және кураторлар кеңесі секілді ұжымдық ұйымдардың мүшелігіне сайланады. Сонымен қатар, студенттердің белсенділігімен Студенттік деканат жұмыс жасайды. Өз қызметінде Студенттік деканат студенттердің оқуға байланысты, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларына қатысты сұрақтарды қарастырады. Ақылы түрде оқитын студенттер емтихан сессиясының қорытындысына қарай оқу ақысына жеңілдік алуға және мемлекеттік босаған грант орындарын, атаулы шәкіртақы алуға құқылы. Осындай жұмыстардың арқасында факультетте студенттердің өзіндік қабілетін іске асыруына барлық жағдайлар жасалды.
Факультете Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерінің салт-дәстүрін, мәдениетін сақтауға және дамытуға, мемлекеттік тілді және қазақ халқының тарихы мен салтын құрметтеуге, әлеуметтік және дін толеранттылығына, ұлтаралық мәдениет қатынасына, саяси мәдениетке, патриоттық және ұлттық сана сезімін дамытуға, азаматтық ұстанымын, көпмәдениетті тәрбиеге бағытталған шаралар ұйымдастырылды.
Студенттердің шығармашылық қабілетін толық ашу үшін факультетте түрлі сайыстар, фестивальдер, кештер, концерттер, КТК ойындары, жеке туындылар көрмесі, диспуттар, музей, көрме, қойылымдарға қатысты, т.б. жұмыстар ұйымдастырылған. Шығармашылық қабілетін дамыту үшін қолөнер үйірмесі, көркем сөз үйірмесі, музыкалық үйірме және дебат клубы қызмет етеді.
Қазіргі уақытта факультетте волейбол, баскетбол, үстел теннисі, ұлттық ойын түрлерінен спорттық секциялар жұмыс істеуде.
Студенттер факультеттің, университеттің, қаланың, облыстың және республиканың қоғамдық өміріне белсене атсалысуда.
Студенттер жыл сайынғы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауына және «Қазақстан-2050» стратегиясы туралы білімге байланысты, қалалық ЖОО арасындағы турнирлерге белсенді қатысады.
«Салауатты өмір салты» комплексті бағдарламасының жүзеге асырылуына байланысты 2016-2017 оқу жылында іс-шаралар циклі ұйымдастырылды, «ЖҚТБ-ға қарсы тұрайық», «Нашақорлық – ғасыр дерті», тақырыптарында акциялар өткізіліп тұрады және оқытушылар мен қызметкерлер арасында спартакиада өткізілді. Осы бағытта «Әлем ЖҚТБ-ға қарсы» апталығы, «Нашасыз болашақ» акциясы, теннис бойынша факультет кубогы үшін сайыстар ұйымдастырылып өткізіледі. ҰҚК және ІІБ-мен бірлесе отырып, факультет студенттері «Ақтөбе нашақорлыққа қарсы» акциясына, ал «НұрОтан» партиясының белсенділерімен бірге «Заңсыз спирттік ішімдіктерді сату фактілерін шығару» акциясына қатысты. Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында дәрістер циклі оқылды.
Факультет студенттері Қазақстан студенттерінің Альянсы студенттік қоғамдық ұйымының, студенттік кәсіподақ, «Жас Отан» жастар қанаты партиясының облыстық педагогтардың қоғамдық ұйымдарына мүшелік етеді. ЖОО оқытушыларының басшылығымен студенттер өз студенттік театрларын, қазақ халықтық аспаптары оркестрін, хор, спорттық клуб, дебат клубын ашты. Студент жастарды рухани-адамгершілігін дамыту мақсатында «Қазақша сөйлесейік», «Язык мой-друг мой», «Өмірге үйлесімділік», «Жас қаламгер» үйірмелері қызмет етуде.
Студенттік құрылыс отряды, жасылдандыру отрядының жазғы еңбек семестрінің нәтижесі бойынша алдыңғы орындарда спорттық-сауықтыру орталығының жұмысы жандандырылды. Волейбол, теннис, баскетбол, жеңіл атлетикалары бойынша секциялар мен екі тренажер залында сабақтар ұйымдастырылады. 2017 жылдың қаңтар айында балалар үйі мен сәбилер үйіне көмек көрсететін дәстүрлі «Жүректен-жүрекке» қайырымдылық акциясы өткізілді. Студенттердің белсенді қоғамдық өмірінің көріністері төмендегідей: факультет студенттері «Бозбала мен бойжеткен» сайысында, ЖОО арасындағы «Жігіт сұлтаны» конкурсында, «Студенттік отбасы» қалалық конкурсында, «Талантты бірінші курс студенттері» конкурсында, «Ерлігімнің жемісі, елдігімнің белгісі» патриоттық акциясында, қалалық жастар форумында, «Қазақстан халықтарының салты мен дәстүрлері» конкурсында, т.б. қатысты. Студенттер 2017 жылдың желтоқсанында Тәуелсіздік күніне орай өткізілген тәрбие шараларына қатысты.
Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының іске асырылуына байланысты әр мамандық бойынша куратор сағаттары өткізілді.
Сонымен қатар, студенттер арасында құқықтық тәрбие және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша белсенді жұмыстар атқарылуда. ҚР Конституциясына сәйкес мемлекеттік құқықтық бағдарламасы мен құқықтық мемлекеттік құрылымына орай құқықтану және моралді-адамгершілік сапасын көтеру мақсаты қойылған.
2017 жылдың қыркүйек айында мемлекеттік тілді дамыту және халықаралық ынтамақтастық бөлімінің жоспары бойынша бірқатар шаралар өткізілді: «Тіл құдіреті», «Мемлекеттік тіл – менің тілім», «Дефектология» мамандығында «Тіл тірегіміз – соғып тұрған жүрегіміз», факультет студенттері жас ақындар байқауына қатысып, Мақтау қағаздарымен марапатталды. Университет оқытушылары арасында өткен «Қазақстан – достық пен келісім мекені» байқауына оқытушылар құрамасы қатысып, екінші жүлделі орынға ие болды және ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Факультетте тәрбие жұмысы бекітілген жоспарға сай жүреді. Кафедралар бойынша тәрбие жұмысының жоспары құрылады, жастар комитеті және студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының жұмысы жүргізілуде.