7М01902 – Арнайы педагогика
Шифр – мамандықтың атауы:
7М01902 – Арнайы педагогика
Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):
–
Оқу түрі, мерзімі:
Ғылыми және педагогикалық дайындық бағыты – 2 жыл.
Бейіндік дайындық бағыты – 1,5 жыл және 1 жыл.
Берілетін дәреже:
Ғылыми және педагогикалық бағыт:
7М01902 – Арнайы педагогика мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі (2 жыл);
Бейіндік бағыт:
7М01902 – Арнайы педагогика мамандығы бойынша білім магистрі (1жыл, 1,5 жыл).
Кәсіби қызметінің саласы:
7М01902 – Дефектология мамандығы бойынша магистр білім ұйымдары, ғылыми және практикалық қызметте кәсіби іс-әрекеті жүзеге асырылады.
Кәсіби қызметінің нысандары:
7М01902 – Арнайы педагогика мамандығы магистрінің кәсіби іс-әрекеті нысаны:
- бітірушілердің кәсіптік қызмет объектісі мемлекеттік және жекеменшік жалпы, арнайы мектепке дейінгі мекемелер және мектептер, оңалту орталықтары, түзету кабинеттері, ПМПК, ерте жастағы балаларға көмек көрсету кабинеттері, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау, ғылыми – зерттеу ұйымдары бола алады.
Кәсіби қызметінің пәні:
7М01902 – Арнайы педагогика мамандығы бойынша магистратураның кәсіби қызметінің пәндері:
- білім беру ұйымдарында оқу-тәрбиелік жұмыс;
- өндірістік ұйымдардағы кәсіптік қызмет;
- білім беруді ұйымдастыруда түзету жұмысы.
Кәсіби қызметінің түрлері:
7М01902 – Арнайы педагогика мамандығы магистрлері келесідей іс әрекет түрлерін атқара алады:
- ұйымдастырушылық-технологиялық (дамуында әр түрлі ауытқулары бар балаларды оқыту және тәрбиелеудің түрлі әдістемелерін таңдау және іске асыру);
- басқару-өндірістік (әдіскер-дефектолог, арнайы мекемелерді басқарушы);
- жобалық (арнайы білім беретін мекемелердін нақты типіне жалпы білім беретін оқыту бағдарламаларын бейімдеу;
- дамуында әр түрлі ауытқулары бар балаларға оқыту-тәрбиелеу және түзете-дамыту, көмек көрсету жоспарларың әзірлеу және жүзеге асыру);
- ғылыми-зерттеу (мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту және түзету процесінің ерекшеліктерін зерттеу);
педагогикалық таңдаған мамандығы бойынша:
- олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, логопед, мектепке дейінгі арнайы педагог, МШ ерте жастағы балаларға көмек көрсету маманы;
- диагностикалық-кеңес берушілік (МШ балаларды аңықтау, олардың ата-аналары және педагогтармен әдістемелік кеңес беру жұмысын жүргізу).
Практика базалары:
Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ Педагогика факультеті, «Мектепке дейінгі және арнаулы білім» кафедрасы, №7 «Арнайы (түзету) мектебі» КММ арнаулы білім беру ұйымы, «Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған облыстық арнайы түзету мектеп – балабақшасы» ММ, №10 «Алма», №11 «Ақбота», №17 «Шұғыла», №31 «Күншуақ» мектепке дейінгі білім беру мекемелері, Облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп – интернат колледжі; Қалалық психологиялық – педагогикалық- медициналық кеңес беру мекемесі.