6В01801 – Әлеуметтік педагогика және тьюторлық
Шифр – мамандықтың атауы:
6В01801- Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
6В01801 – Әлеуметтік педагогика және тьюторлық
Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):
2016 жылдың желтоқсан айында «Акредиттеудің және рейтингтің Агенттігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған акредиттеуден 6В01801- Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану білім беру бағдарламасы 5 жылға сәтті өтті.
2020-2021 оқу жылынан бастап бүгінгі қоғам талабына сай және әлеуметтік педагог қызметінің функционалдық траекториясының кеңеюіне сәйкес ББ бағдарламасы жаңа мазмұнда толықтырылып, 6В01801 – «Әлеуметтік педагогика және тьюторлық» болып өзгертілді.
Оқу түрі, мерзімі:
Күндізгі: 4 жыл, 3 жыл
Берілетін дәреже:
6В01801 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану (2020 жылға дейінгі); 6В01801 – Әлеуметтік педагогика және тьюторлық (2020 жылдан бастап) мамандығы бойынша білім бакалавры
Кәсіби қызметінің саласы:
6В01801 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану; 6В01801 – Әлеуметтік педагогика және тьюторлық мамандығы бакалаврының кәсіби іс-әрекетінің саласы болып жалпы білім беретін ұйымдарда, арнайы (түзетуші) білім ұйымдарында, пенициатрлық типтегі мекемелерде, сауықтыру орталықтарында балалар мен оқушы жастарды әлеуметтендіру жұмысы бойынша:
- Әлеуметтік педагог
- «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі
- Тьютор-педагог
- Коуч
- Әлеуметтік-педагогикалық қызметтегі тренер ретінде жұмыс жасай алады.
Кәсіби қызметінің нысандары:
Мемлекеттік құрылымдар (ҚР БҒМ балалар құқығын қорғау Комитеті), әлеуметтік бағыттағы мекемелер (әлеуметтік қамсыздандыру, жұмыссыздарға, жағдайы төмендерге, еңбекке жарамсыздарға, еңбек ету мүмкіндігі шектеулілерге, қарттарға қолдау көрсету мен көмек көрсету ұйымдары); мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беру мекемелері (мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, мектептер, балалар үйі, интернаттар, арнайы білім беру мекемелері); қоғамдық ортада өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен дамыту мекемелер проблемаларымен айналысатын мекемелер ( түземе және ақтау орталықтары, арнайы мектептер, колониялар ); балалардың бос уақыттарын ұйымдастырумен және балалар шығармашылығын қолдаумен айналысатын (қоғамдық ұйымдар, балалар клубы, студиялар, сауықтыру лагері) болып табылады.
Кәсіби қызметінің пәні:
6В01801 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану; 6В01801 – Әлеуметтік педагогика және тьюторлық мамандығы бакалаврының кәсіби іс-әрекет пәні болып балалар мен оқушы жастардың әлеуметтенуі мен тұлғалық дамуы, оның құндылық-мақсаттық бағдарлары, міндеттері, мазмұны, әдістері, формалары мен нәтижелері бірлігіндегі толыққанды процесі; жалпы білім беретін және арнайы білім беру ұйымдарындағы түземе-педагогикалық және тәрбиелік іс-әрекеттерді ұйымдастыру; балалар мен оқушы жастардың толыққанды дамуында әлеуеттік мүмкіндіктерін зерттеу мен жан-жақты қолдау көрсету.
Кәсіби қызметінің түрлері:
6В01801 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану; 6В01801 – Әлеуметтік педагогика және тьюторлық білім бағдарламалары бакалаврының кәсіби іс-әрекетінің түрлері болып төмендегілер саналады:
– әлеуметтік-педагогикалық – жергілікті халықтың әлеуметтік қорғансыз бөлігіне: мүмкіндігі шектеулі адамдарға, оралман отбасыларына, әлеуметтік жайсыз отбасыларына гуманитарлық-әлеуметтік қолдау көрсету; олардың толыққанды өмір сүруіне арналған жағымды жағдайлар құруға көмектесу;
– оқу-тәрбиелік – балалардың, жеткіншектер мен жастардың әлеуметтенуі және тұлғалық дамуы; тәрбиелеу және оқыту процесстерін ұйымдастыру, педагогикалық процессті басқару; педагогикалық іс-әрекет нәтижелерінің диагностикасы, түземесі, болжамы; әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану саласындағы озық жаңа тәжірибелерді зерттеу, жинақтау, тарату.
– мәдени-ағартушылық – кино, театр, көркемдік-бейнелеу өнері, музыка саласындағы балалардың, жеткіншектер мен жастардың мәдени уақытын өткізу жұмыстарын ұйымдастыру; мәдениет саласындағы ағарту жұмыстарының бағдарламасын, әдістемесі мен технологияларын жасау; мәдени-бос уақытын өткізу орталықтарын ұйымдастыру; топтардың, индивидтердің әлеуметтік-мәдени іс-әрекеттерін қоғамдық практикада қалыптасқан әлеуметтік нормаларымен, дәстүрлерімен, құндылықтармен реттеу;
– ұйымдастырушылық-әдістемелік – орталықтар мен әлеуметтік қызмет көрсету органдарын құру, әлеуметтік жұмыс тәжірибесін зерттеу, қорыту, тарату; жергілікті халық арасынан заң шығарушы және басқа да құқық акттерін зерттеуді ұйымдастыру;
– жарнамалық-насихаттаушылық-әлеуметтік маңызды идеяларды, дәстүрлерді қолдау, дамыту және жалғастыру; әлеуметтік қызмет көрсету жарнамаларын ұйымдастыру; әлеуметтік жауапкершілік, қоғамға қызмет көрсету идеяларын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау;
– ғылыми-зерттеу – өскелең ұрпақтың өзін-өзі тануына, өзін-өзі іске асыруына көмектесу, әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану мұғалімінің көмегіне зәру балаларды, жеткіншектер мен жастарды оқыту, тәрбиелеу, дамыту және олардың дамуын түзеу процесінің ерекшеліктерін зерттеу;
– аниматорлық – әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қорғауға септігін тигізу бойынша нақты әлеуметтік модельдерді құру, жалпы білім беретін және арнайы (түземе) білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесіне әлеуметтік-гуманитарлық білімдерді ендіру.
Практика базалары:
№ 51, № 39,№ 1, № 27, № 23, № 64, № 63 Ақтөбе қаласындағы жалпы білім беретін орта мектептері