Академиялық ұтқырлық

Академиялық ұтқырлық

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы  ішкі  және сыртқы  ұтқырлық байланысты қамтамасыз етеді. Ішкі  ұтқырлық  академиялық бағдарламасы білім алушыларды, серіктес жоғары оқу орындарының  студенттерін  оқу шарттары туралы ақпараттармен таныстырады. Сыртқы академиялық  ұтқырлық  бағдарламасы – басқа Қазақстандық жоғары оқу орындағы білім алып жатқан  университетіміздің студенттері туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Осындай міндеттерді шешуде факультет пен кафедралардың алыс және жақын шетел жоғары оқу орындарымен, орталықтарымен, ғылыми ұйымдарымен тұрақты ғылыми байланыстар орнату басты орынға ие. Осы мақсат аясында Педагогика және білім берудегі менеджмент факультетінің оқытушылары, магистранттары мен студенттері жыл сайын ғылыми тағылымдамадан өтіп, өздерінің білімдерін шетел ғылымы мен практикасындағы жетістіктерімен толықтырып отырады. Осымен қатар, профессорлық-оқытушылар құрамының шетелге шығуының тиімділігі тек оқытушылардың біліктіліктерін жоғарылатуға мүмкіндік алып қана қоймай, олар кафедра, факультет деңгейінде өз тәжірибелерімен бөлісуге, жаңа курстар өңдеуге, ғылыми қызығушылықтарын белсендіру мен дамытуға мүмкіндік алады. Мәселен, 2012 жылы төмендегі оқытушылар қысқа мерзімді курстар арқылы өз біліктіліктерін көтерді: п.ғ.к., доцент Г.И.Туретаева Қытайдағы Циньзян  университетінде, 2012 жылдың қарашасында – п.ғ.к., кафедра доценті М.Н.Есенгулова – Жапонияның Цукуба университетінде, 2013 жылдың қарашасында – п.ғ.к., аға оқытушы З.У.Адильшинова Португалиядағы Лиссабон техникалық университетінде.

П.ғ.к., доцент, «Мектепке дейінгі және арнайы білім» кафедрасының меңгерушісі М.Н.Есенгулова Жапония, Цукуба университетінде

З.У.Адильшинова Лиссабон техникалық институтының
вице-президенті Джозе Соброемен бірге

Педагогика факультетінде студенттер, магистранттар мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығы бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар белсенді жүргізіледі.

Факультет оқытушыларының ғылыми қызметі педагогика және психология, жеке әдістемелер саласындағы зерттеулерге, мамандықтарға деген қоғамдық сұраныстар бойынша ұйымдастырылатын шараларға бағытталған.  Мәселен, факультет оқытушыларының бір қатары ғылыми жұмыстарды гранттық қаржыландыру конкурсына қатысты. Қазіргі уақытта «Психологиялық тесттерді стандарттау» (PhD докторы Д.Г.Наурзалина), «12 жылдық білім берудің психология- педагогикалық негіздері» (п.ғ.к., доцент А.К.Кенжеғұлова) жобалары дайындалып, конкурсқа жіберілді.

Ғылыми зерттеулерді  интеграциялау мақсатында институт ПО құрамы алыс шетелдермен, атап айтқанда Ұлыбритания, Үндістан, Чехия, Болгария және т.б., халықаралық байланыс орнату жұмыстарын жүргізуде, сонымен қатар факультет жақын шетел жетекші ЖОО және ғылыми орталықтарымен тығыз ғылыми байланыста:  Башқұрт мемлекеттік университетінің Сибай Институты, Орынбор мемлекеттік педагогикалық университеті,  «М.Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университеті» РМҚК, Зайнаб Бишева атындағы Стерлитамак мемлекеттік педагогикалық академиясы, И.Я.Яковлев атындағы Чуваш мемлекеттік педагогикалық университеті. Халықаралық академиялық ұтқырлық аясында Орынбор МПУ, Кузбасс мемлекеттік педагогикалық академиясымен ғылыми-зерттеу және басқа да жұмыстар бойынша ынтымақтастық серіктестік келісім шарттары жасалған.  5М010300 – «Педагогика және психология», 5М050300 – «Психология» мамандықтарының магистранттары жыл сайын М.Ақмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетінде ғылыми тағылымдамадан өтеді. Алдағы уақыттада факультет ПО құрамы, магистранттары мен студенттері үшін бірлескен семинарлар, вебинарлар, онлайн курстар өткізу жоспарланған. Барлық ғылыми зерттеулер ҚР ЖАК, РФ ЖАК журналдарында, ғылыми-практикалық конференциялар материалдарының жоғары аттестаттау комитеті жинақтарында жарық көріп отырады. Соңғы уақытта импакт-фактор көрсеткіштері бар журналдарға мақалаларды дайындауда ПОҚ белсенділік көрсетіп келеді.

М.Ақмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті, Уфа қаласы.  5М050300 – «Психология», 5М010300 – «Педагогика және психология» мамандықтарының 2 курс магистранттары

2017 жылдың 6-20 ақпан аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің ықпалымен Варнен еркін университетінің профессоры, PhD докторы Николай Буюклиев  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті мен Болгар-Қазақстандық білім беру форумы (Болгария) арасындағы ынтымақтастық туралы шартқа сәйкес  факультеттің «Әлеуметтік педагогика және бастауышта оқыту» кафедрасына шақырылды.

Білім беру бағдарламасының 5В012300 – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», 5В010100 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», 5В010500 – «Дефектология», 5В010300 – «Педагогика және психология» мамандығының студенттері Болгариядан келген профессордың креативті ойлауға, риторика және тағы сол сияқты  бірқатар дәрістерін тыңдады.

Педагогика факультетінде ұлттық академиялық ұтқырлық бағдарламасын  қолдау  бағытында кафедралар бойынша  үйлестірушілер тағайындалды. Академиялық ұтқырлық бағдарламасының үйлестірушілері төмендегі қызметтерді  атқарады:

  • Ұлттық  (ішкі) академиялық ұтқырлық бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ету;
  • Академиялық ұлттық ұтқырлық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін түсіндіру, насихаттау жұмыстарын  жүргізу;
  • Ұлттық ұтқырлық бағдарламасына қатысушы студенттердің құжаттарын дайындауға   қатысу;
  • Анықтама, есеп беру және академиялық ұтқырлық негізгі көрсеткіштері бойынша өзге де құжаттарды дайындау.

Академиялық ұтқырлық бөлімімен бірлесе отырып, әр кафедраның  жұмыс жоспары әзірленіп, ұлттық академиялық ұтқырлық бағдарламаларының ерекшеліктерін түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Серіктес жоғары оқу орындары мен университеттің студенттері ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша ақпарат алу үшін (қазақ және орыс тілдерінде) университет  веб-сайтында ақпарат дайындалып, жарияланып отырады.

Қазақстан Республикасының 2016-2017 жылғы жоғары білім беру жүйесінде көптілді білім беруді дамыту мақсатында «Әлеуметтік педагогика және бастауыш білім беру» кафедрасының доценттері, п.ғ.к. О.А. Шункеева, Б.К.Әлмурзаева, З.У.Адильшинова  «Мектепке дейінгі және арнайы білім беруі» кафедрасының аға оқытушылары Р.Д.Дүйсенбаева, А.Т.Рыстыгулова ағылшын тілін  оқыту курстарынан  өтті.

2016-2017 оқу жылының екінші жартысында академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысушыларды анықтау мақсатында бөлім қызметкерлерімен бірлесе отырып, бірқатар іріктеу   жұмыстары  жүргізілді.

Кафедраның  үйлестірушілерінің  құжаттары және  академиялық ұтқырлық  бағдарламасы бойынша  білім алушы студенттердің  құжаттары нормативтік ережелермен сәйкестігі  тексерілді.

Сыртқы академиялық бағдарламасы бойынша  студенттер үшін  жеке оқу жоспарлары және тіркеу құжаттары толтырылып, арнайы  ақпараттық пакеттермен қамтамасыз етілді.

2016-2017 оқу жылының екінші семестрінде факультет бойынша 11 студент академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алды.