7М01105 – «Педагогикалық өлшемдер»

Шифр – мамандықтың атауы:

7М01105 – «Педагогикалық өлшемдер»

Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):

Оқу түрі, мерзімі:

Ғылыми және педагогикалық дайындық бағыты – 2 жыл.

Берілетін дәреже:

Ғылыми және педагогикалық бағыт: 7М01105 – «Педагогикалық өлшемдер» мамандығы бойынша  педагогика ғылымдарының магистрі.

Кәсіби қызметінің саласы:

7М01105 – Педагогикалық өлшемдер білім беру бағдарламасының түлектері білім беру ұйымдарында коммуникциялық-педагогикалық, ғылыми-зерттеу, басқару, жобалау, әдістемелік және оқытушылық қызметті жүзеге асыруға қабілетті;

Кәсіби қызметінің нысандары:

7М01105 – Педагогикалық өлшемдер ББ бойынша педагогика ғылымдарының магистрі – біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман ретінде жұмыс өтіліне талап қоймастан педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес лауазымдарында жұмыс істей алады:

– ғылым және білім саласындағы сараптама қызметі;

– білім беру ұйымдарындағы оқытушылық қызмет;

– ғылыми-зерттеу қызметі;

– кеңес беру қызметі.

Кәсіби қызметінің пәні:

Бітірушілердің кәсіби қызметінің пәні ретінде психологиялық-педагогикалық диагностика ,педагогикалық қызметті моделдеу , педагогикалық үдерісті жоспарлау және ұйымдастыру, талдау және реттеу, өзін өзі жетілдіру, өз бетімен білім алу, өзіндік даму, әлеуметтік институттармен байланыс орнату болып табылады.

Кәсіби қызметінің түрлері:

7М01105 – Педагогикалық өлшемдер бб бойынша:

– ғылым және білім саласындағы сараптамалық қызмет;

– ғылыми-зерттеу қызметі;

– кеңестік қызмет.

Білім беру қызметінің түрлері:

– білім беру (педагогикалық);

– білім беру;

Педагогикалық өлшемдер саласы:

– оқу-әдістемелік қызмет;

– білім берудегі өлшемдер мәселесі бойынша отандық және шетелдік тәжірибені зерделеу;

– ғылыми – зерттеу-білім берудегі өлшемдер саласындағы ғылыми-зерттеу жобаларын моделдеу және іске асыру;

– ұйымдастыру-басқару технологиясын жүзеге асыру;

– білім беру сапасын қамтамасыз ету мақсатында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру;

– білім беру сапасын бағалау құралдарын әзірлеу, өлшеу процедураларын орындау.

Практика базалары:

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ «Педагогика» факультеті, Педагогика, психология және  бастауышта оқыту кафедрасы, Ustudy Аймақтық тестілеу орталығы  Ақтөбе қ., « Өрлеу» біліктілікті арттыру орталғы Ақтөбе қ.,  Ақтөбе қаласы №56 қазақ орта мектебі, №39 орта мектеп, Новый орта мектебі.

Модульдік білім беру бағдарламасы