6В01902 – Арнайы педагогика
Шифр – мамандықтың атауы:
6В01902 – Арнайы педагогика
Магистратура:
7М01902 – Арнайы педагогика
оқу мерзімдері – 1 жыл, 1,5 жыл, 2 жыл
Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):
2016 жылдың желтоқсан айында «Аккредиттеудің және рейтингтің тәуелсіз Агенттігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден 5 жылға сәтті өтті. Куәлік 05.12.2016ж. бастап 04.12.2021ж. дейін жарамды. Тіркеу мерзімі № АВ1143. Берілу күні 05.12.2016 ж.
Оқу түрі, мерзімі:
Күндізгі: 4 жыл, 3 жыл
Берілетін дәреже:
6В01902 – Арнайы педагогика
Кәсіби қызметінің саласы:
Арнаулы мектептер және мектепке дейінгі ұйымдардағы түзету-білім беру процесі (зияты бұзылған балалар, есту, көру қабілеті, сөйлеу тілі, тірек-қимыл жүйесі бұзылған, психикалық дамуы тежелген балалар)
Кәсіби қызметінің нысандары:
Мемлекеттік құрылымдар: жеке жалпы білім беретін, арнаулы мектепке дейінгі, білім беру мекемелері, оңалту орталықтары; түзету кабинеттері; әлеуметтік бағыттағы ерте жастан түзету мекемелері (әлеуметтік қамтамасыз ету ұйымдары, жұмыссыздар, аз қамтылған, еңбекке жарамсыз және еңбекке жарамды мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қолдау мен оларға көмек көрсету).
Кәсіби қызметінің пәні:
Жалпы білім беретін және арнаулы білім беру ұйымдарындағы түзету-педагогикалық және тәрбиелеу қызметі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік білім беру бағдарламасы және «Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау туралы» Заң талаптарын жүзеге асыру жолдары
Кәсіби қызметінің түрлері:
– ұйымдастыру – технологиялық (мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оқыту мен тәрбиелеу әдістеріне таңдау жасау және жүзеге асыру);
– өндірістік – басқарушылық (әдіскер-дефектолог, мектепке дейінгі ұйымдар мен білім беру ұйымдарының жетекшісі);
– педагогикалық (таңдау мамандығына байланысты олигофренопедагог, сурдопедагог, логопед, тифлопедагог, мектепке дейінгі ұйымдардағы арнаулы педагог);
– кеңес беру – диагностикалық (МШ балаларды диагностикалау, МШ балалармен жұмыс жасайтын педагогтар және ата-аналармен кеңес беру – диагностикалық жұмыстар жүргізу)
Практика базалары:
Ақтөбе облыстық арнайы (түзету) есту қабілеті бұзылған балаларға мектеп-интернат-колледжі, №7 арнайы (түзету) мектебі, №10 «Алма» МДҰ ММ, №17 «Шұғыла» МДҰ ММ, №31 «Күншуақ» МДҰ, №11 «Ақбота» көруі мен сөздері бұзылған балаларға арналған арнаулы (коррекциялық) МДҰ, Ақтөбе қаласының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған облыстық арнайы түзету мектеп-балабақша