7М01301 – Бастауышта оқыту педагогикасы және әдістемесі
Шифр – мамандықтың атауы:
7М01301- Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі.
Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):
–
Оқу түрі, мерзімі:
Ғылыми және педагогикалық дайындық бағыты – 2 жыл.
Берілетін дәреже:
Ғылыми және педагогикалық бағыт: 7М01301- Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі.
Кәсіби қызметінің саласы:
7М01301 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі бакалавры кәсіби қызметінің объектісі жалпы білім беретін мектептердің бірінші сатысының барлық түріндегі педагогикалық үдеріс және білім беру мекемелеріндегі әдістемелік жұмыс болып табылады.
Кәсіби қызметінің нысандары:
- Магистратураны бітірушілердің кәсіптік әрекетінің нысаны:
- диагностикалық – оқушы тұлғасын, оқыту, тәрбиелеу және даму нәтижелерін зерттеу;
- ұйымдастырушылық-технологиялық (педагогикалық технологиялар негізінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру);
- педагогикалық басқару («субъект-субъектінің» өзара әрекеті, білім беру менеджменті);
- жобалау (бастауыш мектептегі білім беруді моделдеу);
- ғылыми-зерттеу (білім беру мекемелеріндегі мәселелерді шешудегі шығармашылық ізденіс, пеадгогикалық тәжірибені зерттеу, рефлексия).
Кәсіби қызметінің пәні:
Бітірушілердің кәсіби қызметінің пәні ретінде психологиялық-педагогикалық диагностика ,педагогикалық қызметті моделдеу , педагогикалық үдерісті жоспарлау және ұйымдастыру, талдау және реттеу, өзін өзі жетілдіру, өз бетімен білім алу, өзіндік даму, әлеуметтік институттармен байланыс орнату болып табылады.
Кәсіби қызметінің түрлері:
6М010200 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша магистратура түлектері кәсіби қызметтің келесі түрлерін атқара алады:
- ғылыми және педагогикалық дайындық бағыты бойынша:
- ұйымдастырушылық-басқарушылық;
- ғылыми-зерттеу;
- педагогикалық;
- жобалау.
Практика базалары:
Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ «Педагогика» факультеті, Педагогика, психология және бастауышта оқыту кафедрасы, Ақтөбе қаласы №56 қазақ орта мектебі, №39 орта мектеп, Новый орта мектебі.