Факультеттің жетістігі

Факультеттің жетістігі

Осы уақыт аралығында факультетте көптеген академиялық дәрежелі бакалавр және магистр мамандар дайындалды. Түлектер еліміздің әртүрлі қызмет салаларында еңбек етіп келеді.

Педагогика факультетінің оқу және ғылыми-зерттеу қызметі инновацияға бағытталған және «Студенттің оқу әрекетін  педагогикалық-психологиялық бағыттау» тақырыбындағы мәселеге арналады. Факультеттің профессор-оқытушылар құрамының ЖОО-да оқыту процесін және ғылыми қызметті ұйымдастыру, кәсіби біліктілігін арттыру жұмыстары жан-жақты жолға қойылған. Зерттеу жұмыстарының нәтижелері: ғылыми және оқу-әдістемелік  басылымдар, ҚР және шетелдерде кәсіби біліктілігін көтеру куәліктері мен сертификаттары болып табылады. Педагогика факультеті құрамында 3 ғылым докторы, 2 PhD-доктор, 39 ғылым кандидаты, 28 магистр профессор-оқытушылар еңбек етеді.

Білім беру бағдарламасын ойдағыдай жүзеге асыру үшін факультеттің профессор-оқытушылар құрамы оқу үдерісінде оқытудың инновациялық әдістерін қолдану, оқу курстарын презентациялау бойынша семинарлар мен конференциялар өткізуді тәжірибеге айналдырған.

2015-2016 оқу жылы факультет оқытушылары Орынбор мемлекеттік педагогикалық университеті (РФ) базасында «Инклюзивті білім беру» бағдарламасы аясында семинар өткізді (п.ғ.д.д доцент Туребаева К.Ж., п.ғ.к., доцент Досжанова С.Е., аға оқытушы Шестакова Е.В.).

П.ғ.д., доцент Төребаева К.Ж.  «Балапан» мемлекеттік бағдарламасының  жүзеге асырылуы аясында ұйымдастырылған республикалық семинарға қатысты.

Аға оқытушы Шестакова Е.В. «Мектепке дейінгі білім беру саласындағы инклюзивтік оқыту» проблемасы бойынша семинарға қатысып «Мектепке дейінгі балалық» республикалық орталығының алғыс хатымен марапатталды.

Факультет оқытушылары импакт-фактор  көрсеткіштері бар журналдарға мақала жазу тәртібін түсіндіретін оқыту семинарларына, Elsever компаниясы ұйымдастыратын семинар-тренингтерге жүйелі қатысады. Сонымен қатар, факультетте «Webofknowledge» электрондық жинақ жүйесіне мен Thomsоn Reiters индекс журналдарына қосылуға мүмкіндіктер қарастырылуда.

Факультет оқытушылары оқыту үдерісінде педагогикалық инновациялық технологияларды кеңінен пайдаланады. Олар: проблемалық оқыту, интегративті-дамытушылық амал,  модульдік оқыту, ойын технологиясы,  сын тұрғыдан ойлауды дамыту, кейс-стади, интеллектуалды карталар технологиясы. Жыл сайын Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ педагогикалық білімнің инновациялық орталығы ұйымдастыруымен өтетін «Интерактивті формадағы үздік ашық сабақ» атты байқауларына белсене қатысады. Атап айтқанда, 2017 жылдың 13-17 ақпан аралығында жоспарланған байқауға қатысып,  жүлделі бірінші орынды «Мектепке дейінгі және арнаулы білім» кафедрасының доценті, п.ғ.к. Ж.Ж.Қартбаева иеленсе, осы кафедраның аға оқытушысы Б.И.Амантаева «Сабақ құрылымының әдістемелік технологиясы» номинациясын жеңіп алды.

Оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету аясында 2017-2018 оқу жылында факультет жаныныда ашылған кабинеттер:

«СЕНІМ» әлеуметтендіру орталығы (қараша, 2017 ж.)

«ЗЕРДЕ» оқу-әдістемелік кабинеті (желтоқсан, 2017 ж.)

«ЭТНОПСИХОЛОГИЯ» кабинеті (желтоқсан, 2017 ж.)

«САНА» психологиялық-педагогикалық кеңес беру кабинеті (желтоқсан, 2017 ж.)

«ШЕШЕНДІК ӨНЕР» кабинеті (желтоқсан, 2017 ж.)

«ТҰЛҒА ПСИХОЛОГИЯСЫ» кабинеті (желтоқсан, 2017 ж.)

«ШОЛПЫ» ұлттық тәрбие кабинеті (желтоқсан, 2017 ж.)

Студенттердің республикалық олимпиадалардағы  жетістіктері

Студент тұлғасы мәртебесін жан-жақты дамытуда және қалыптастыруда жетекші роль атқаратын ғылыми-зерттеу жұмысы институт қызметінің маңызды саласы болып табылады. Факультет студенттері ғылыми-зерттеу жұмысына белсенді түрде қатысып, халықаралық, республикалық олимпиадалар, конференциялар мен байқауларда жүлделі орындар иеленген.

2017 жылдың 30-31 наурызда академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің педагогикалық факультетінде 5В010500-«Дефектология» мамандығы қазақ тобынан «Жаңа толқын» және орыс тобынан «Педсовет» бойынша ІХ Республикалық студенттік пәндік олимпиадасына қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша «Дефектология» мамандығының «Жаңа толқын» командасы ІІІ орынды иеленді.

«Жаңа толқын» командасы 3-жүлделі орынға ие болды, дипломдармен марапаттау сәті.

«Білім – жеңістің кілті» атты «Арнайы педагогика», «Арнайы психология», «Логопедия негіздері» пәндері бойынша теориялық білім деңгейін анықтауға арналған тестілеуде «Эрудит» тобынан   Қанағатова Қарлығаш тест нәтижесі бойынша тесттің 2-турына өтіп, жинаған ұпайы бойынша үшінші орын иемденді.

2017 жылдың 6-7 сәуір аралығында Қарағанды қаласында Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»  мамандығы бойынша VII Республикалық  пәндік олимпиадада «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығының «Болашақ»  тобы  жүлделі  І  орынды иеленіп, дипломмен  марапатталды.

«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»  мамандығы  бойынша Республикалық  пәндік олимпиаданың ұйымдастыру комитеті студенттерді зияткерлік жарысқа дайындап,  белсенді қатысқаны үшін топ  жетекшісі Қартбаева  Жайнагүл Жаншақызы және топ  мүшелері олимпиадаға белсенді қатысқаны үшін сертификаттармен  марапатталды. МДОТ-201 тобының студенті Жәниет Нүргүл  «Үздік практик» номинациясы бойынша марапаттады.

2016 жылы «Психология» мамандығының студенттері Республикалық пәндік олимпиадада 2 орынға ие болды.

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы- 2017» Жусупова Жанна Азатовна

Қобда аудандық жастар ресурс орталығының ұйымдастыруымен, Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына арналған “Асқақтай бер, Астана!” атты жастар арасында обылыстық ән байқауы өтті. Сол орайда Психология-201 тобының 2 курс студенті Мырзакабылова Акерке белсене қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

“Педагогика,псиxология және бастауыш оқыту ” кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Сейтенова Салима Сағынқызы “Вершина мастерства” атты xалыққаралық конкурсқа қатысып жүлделі орынға ие болды.

Астана қаласында өткен “Үздік студент – 2018” Республикалық жобасында Педагогика факультеті, Псиxология мамандығының 3 курс студенттері Анарбекова Аяжан және Есмағанбетова Мөлдір қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің қолынан төс белгі алып, “Жас қыран” Республикалық талантты студенттердің ІІ кітап жинағына енгені үшін алғыс xатпен марапатталды.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті мен Гданьск мемлекеттік университеті (Польша, Гданьск) арасында «Педагогика және психология» кафедрасында 23.11-12.12.12 аралығында шетелдік мамандарды тарту бойынша бекітілген жоспарға сәйкес білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде, 6M050300 – «Психология» мамандығының студенттері үшін «Психологиялық зерттеудің диагностикасы мен әдістемесі» тақырыбында шетел ғалымы, PhD докторы, профессор Адам-Жагиелло-Русиловскийдің дәріс оқыды.

Сондай-ақ, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде «Жастар ғылым жолында», «Erasmus +» шеберлік кластары өткізілді.

Адам-Жагиелло-Русиловский – білім беру мен инновациялық құзыреттілікті тұрақты дамыту саласында жұмыс істейтін оқытушы, зерттеуші және әлеуметтік кәсіпкер. Ағылшын әдебиеті бойынша магистр дәрежесі және Гданьск университетінің PhD докторы. Солтүстік Айова университетінде PhD практикасын аяқтады және Колумбия университетінде «Лидерство в сообществе» және INSEAD (Fontainableau) бизнес мектебіндегі әлеуметтік экономикадан оқу курсынан өтті.

Оның 25 мақаласы бар, сондай-ақ, білім берудің тұрақтылығы мен тұтастығын жақсарту үшін драма және қолданбалы өнерді қолдану туралы бірнеше монографиялар мен кітаптардың авторы.

2019 жылдың 4-ші ақпан күні 6М010300-Педагогика және психология мамандығының 1 курс магистранты Сагадатов Райбек облыс әкімінің орынбасарының марапатына ие болды.

2019 жылдың 24-ші ақпан күні Астана қаласында өткен «Astana Cup-2019» Республикалық шығармашылық конкурсында БАС ЖҮЛДЕ иеленген Педагогика факультетінің «Психология» мамандығының 2 курс студенті Арxаров Даулет.

 

2019 жылдың 4-5 сәуір аралығында Қарағанды қаласында Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде 5В010500 «Дефектология»  мамандығы бойынша XI Республикалық пәндік олимпиадада «Дефектология» мамандығының «Сенім»  тобы  жүлделі  І  орынды иеленіп, дипломмен  марапатталды.

«Дефектология»  мамандығы  бойынша Республикалық  пәндік олимпиаданың ұйымдастыру комитеті студенттерді зияткерлік жарысқа дайындап,  белсенді қатысқаны үшін топ  жетекшісі Туретаева Гулайым Изтлеуовна және топ  мүшелері  Бақытжанқызы Аружан, Жалгасова Гульманат, Сүлеймен Азамат олимпиадаға белсенді қатысқаны үшін сертификаттармен  марапатталды.