7М01201 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
Шифр – мамандықтың атауы:
7М01201 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу.
Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):
–
Оқу түрі, мерзімі:
Ғылыми және педагогикалық дайындық бағыты – 2 жыл.
Бейіндік дайындық бағыты – 1,5 жыл және 1 жыл.
Берілетін дәреже:
Ғылыми және педагогикалық бағыт: 7М01201 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі (2 жыл);
Бейіндік бағыт: 7М01201 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша білім магистрі (1жыл, 1,5 жыл).
Кәсіби қызметінің саласы:
7М01201 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша магистр білім ұйымдары, ғылыми және практикалық қызметте кәсіби іс-әрекеті жүзеге асырылады.
Кәсіби қызметінің нысандары:
7М01201 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы магистрінің кәсіби іс-әрекеті нысаны:
- мектепке дейінгі ұйымдар;
- педагогикалық коллледждер;
- білім беру басқармасы;
- біліктілікті көтеру және білім саласында мамандарды қайта даярлау институты
Кәсіби қызметінің пәні:
7М01201 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша педагогика ғылымдары магистрінің кәсіби қызметінің пәні:
- білім беру ұйымдарында оқу-тәрбиелік жұмыс;
- мектепке дейінгі ұйымдардағы кәсіби қызмет;
- Қазақстан Республикасы білім беруді дамыту тұжырымдамасының мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын, білім беру мен тәрбиелеуді ұйымдастырудың нысандарын, нәтижелерін, талаптарын іске асыру жолдары.
Кәсіби қызметінің түрлері:
7М01201 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы магистрлері келесідей іс әрекет түрлерін атқара алады: білім беру (педагогикалық) тәрбиелеу, оқыту, мектепке дейінгі тұлғаны қалыптастыру және дамыту, мектепке дейінгі мекемені педагогикалық жүйеде басқара білу; педагогикалық қызметті жоспарлай және мақсат қоя білу; алдыңғы жаңашылдық тәжірибені оқыта, тарата білу.
Практика базалары:
Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ Педагогика факультеті, «Мектепке дейінгі және арнаулы білім» кафедрасы, №33 «Нұрсәт», №38 «Әлем», №37 «Балапан», №7 «Арман», №25 «Ерке», №26 «Үміт», №9 «Бәйшешек» мектепке дейінгі білім беру ұйымдары.