7М01301 – Бастауышта оқыту педагогикасы және әдістемесі

Шифр – мамандықтың атауы:

7М01301- Бастауыш  оқыту педагогикасы мен әдістемесі.

Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):

Оқу түрі, мерзімі:

Ғылыми және педагогикалық дайындық бағыты – 2 жыл.

Берілетін дәреже:

Ғылыми және педагогикалық бағыт: 7М01301- Бастауыш  оқыту педагогикасы мен әдістемесі  мамандығы бойынша  педагогика ғылымдарының магистрі.

Кәсіби қызметінің саласы:

7М01301 – Бастауыш  оқыту педагогикасы мен әдістемесі бакалавры кәсіби қызметінің объектісі жалпы білім беретін мектептердің  бірінші сатысының барлық түріндегі педагогикалық үдеріс және білім беру мекемелеріндегі әдістемелік жұмыс болып табылады.

Кәсіби қызметінің нысандары:

  • Магистратураны бітірушілердің кәсіптік әрекетінің нысаны:
  • диагностикалық – оқушы тұлғасын, оқыту, тәрбиелеу және даму нәтижелерін зерттеу;
  • ұйымдастырушылық-технологиялық  (педагогикалық  технологиялар негізінде  оқу-тәрбие  үдерісін  ұйымдастыру);
  • педагогикалық басқару  («субъект-субъектінің»  өзара  әрекеті, білім беру менеджменті);
  • жобалау  (бастауыш мектептегі  білім  беруді  моделдеу);
  • ғылыми-зерттеу  (білім беру мекемелеріндегі мәселелерді шешудегі шығармашылық ізденіс,  пеадгогикалық  тәжірибені зерттеу, рефлексия).

Кәсіби қызметінің пәні:

Бітірушілердің кәсіби қызметінің пәні ретінде психологиялық-педагогикалық диагностика ,педагогикалық қызметті моделдеу , педагогикалық үдерісті жоспарлау және ұйымдастыру, талдау және реттеу, өзін өзі жетілдіру, өз бетімен білім алу, өзіндік даму, әлеуметтік институттармен байланыс орнату болып табылады.

Кәсіби қызметінің түрлері:

6М010200 –  Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша магистратура түлектері кәсіби қызметтің келесі түрлерін атқара алады:

  • ғылыми және педагогикалық дайындық бағыты бойынша:
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық;
  • ғылыми-зерттеу;
  • педагогикалық;
  • жобалау.

Практика базалары:

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ «Педагогика» факультеті, Педагогика, психология және  бастауышта оқыту кафедрасы, Ақтөбе қаласы №56 қазақ орта мектебі, №39 орта мектеп, Новый орта мектебі.

Модульдік білім беру бағдарламасы