7М01105 – «Педагогикалық өлшемдер»
Шифр – мамандықтың атауы:
7М01105 – «Педагогикалық өлшемдер»
Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):
–
Оқу түрі, мерзімі:
Ғылыми және педагогикалық дайындық бағыты – 2 жыл.
Берілетін дәреже:
Ғылыми және педагогикалық бағыт: 7М01105 – «Педагогикалық өлшемдер» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі.
Кәсіби қызметінің саласы:
7М01105 – Педагогикалық өлшемдер білім беру бағдарламасының түлектері білім беру ұйымдарында коммуникциялық-педагогикалық, ғылыми-зерттеу, басқару, жобалау, әдістемелік және оқытушылық қызметті жүзеге асыруға қабілетті;
Кәсіби қызметінің нысандары:
7М01105 – Педагогикалық өлшемдер ББ бойынша педагогика ғылымдарының магистрі – біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман ретінде жұмыс өтіліне талап қоймастан педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес лауазымдарында жұмыс істей алады:
– ғылым және білім саласындағы сараптама қызметі;
– білім беру ұйымдарындағы оқытушылық қызмет;
– ғылыми-зерттеу қызметі;
– кеңес беру қызметі.
Кәсіби қызметінің пәні:
Бітірушілердің кәсіби қызметінің пәні ретінде психологиялық-педагогикалық диагностика ,педагогикалық қызметті моделдеу , педагогикалық үдерісті жоспарлау және ұйымдастыру, талдау және реттеу, өзін өзі жетілдіру, өз бетімен білім алу, өзіндік даму, әлеуметтік институттармен байланыс орнату болып табылады.
Кәсіби қызметінің түрлері:
7М01105 – Педагогикалық өлшемдер бб бойынша:
– ғылым және білім саласындағы сараптамалық қызмет;
– ғылыми-зерттеу қызметі;
– кеңестік қызмет.
Білім беру қызметінің түрлері:
– білім беру (педагогикалық);
– білім беру;
Педагогикалық өлшемдер саласы:
– оқу-әдістемелік қызмет;
– білім берудегі өлшемдер мәселесі бойынша отандық және шетелдік тәжірибені зерделеу;
– ғылыми – зерттеу-білім берудегі өлшемдер саласындағы ғылыми-зерттеу жобаларын моделдеу және іске асыру;
– ұйымдастыру-басқару технологиясын жүзеге асыру;
– білім беру сапасын қамтамасыз ету мақсатында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру;
– білім беру сапасын бағалау құралдарын әзірлеу, өлшеу процедураларын орындау.
Практика базалары:
Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ «Педагогика» факультеті, Педагогика, психология және бастауышта оқыту кафедрасы, Ustudy Аймақтық тестілеу орталығы Ақтөбе қ., « Өрлеу» біліктілікті арттыру орталғы Ақтөбе қ., Ақтөбе қаласы №56 қазақ орта мектебі, №39 орта мектеп, Новый орта мектебі.