6В01102 – Психология және білім беру менеджменті
Шифр – мамандықтың атауы:
6В01102 – «Психология және білім беру менеджменті»
Оқу түрі, мерзімі:
Күндізгі: 4 жыл
Берілетін дәреже:
6В01102 – «Психология және білім беру менеджменті» ББ бағдарламасы бакалавры
Кәсіби қызмет саласы
- мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мекемелері;
- жалпы білім беретін орта мектеп жүйесі, соның ішінде лицейлер, гимназиялар, шағын кешенді мектептер, санаториялық мектептер, спорт мектептері, балалар үйі;
- арнайы коррекциялық мекемелер (ақыл-ойы және дене дамуында кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерге арналған сыныптар мен мектеп-интернаттар);
- орта кәсіби білім беру мекемелері (колледж, училищелер).
Кәсіби қызметі нысандары
- негізгі және кәсіптік мектеп;
- мамандандырылған мектеп;
- орта білімнен кейінгі кәсіби және техникалық ұйым;
- медициналық мекемелер;
- психологиялық орталықтар;
- банктік сфералар;
- құқық қорғау органдары;
- әскери бөлімшелер;
Маман лауазымдары
- білім беру ұйымдарындағы педагог-психолог;
- коуч-тренер;
- тренер – психолог;
- тьютор;
- білім беру ұйымдарындағы менеджер.
Практика базалары:
Ақтөбе қаласының №1 орта мектеп, Үш тілде оқытатын №21 орта мектебі, №30 қазақ орта мектеп, №40 жалпы білім беретін орта мектеп, Ақтөбе гуманитарлық колледжі