«ЖОО-дағы куратор жұмыстарының ұйымдастырылуы мен қызмет бағыттары» атты республикалық онлайн вебинар

06.05.2020 күні Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаменті мен Педагогика факультеті Педагогика, психология және бастауыш оқыту кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеттерімен бірлескен «ЖОО-дағы куратор жұмыстарының ұйымдастырылуы мен қызмет бағыттары» тақырыбындағы республикалық онлайн вебинар өтті. Вебинарда оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы куратор жұмысының қызмет бағытындағы озық тәжірибелер мен ұйымдастыру әдіснамасы талқыланды. Баяндамалар барысында жастарды отбасылық өмірге даярлаудағы этномәдени құндылақтар мәселесі, модульдік жүйе арқылы тәрбие жұмысын ұйымдастыру, еріктілер тобының жұмыс бағыттарындағы куратор қызметінің маңызы бағытында баяндамалар тыңдалды. Қашықтықтан оқыту барысында куратор сағаттарының жаңа форматтары ұсынылды. Сонымен қатар, вебинарға кураторлық жұмыс бағытында еліміздің бірқатар ЖОО-дан атап айтқанда, Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті, С.Баишев атындағы Ақтөбе университеті, Қазақ-Орыс Халықаралық университеті, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің кураторлары қатысты.Іс-шара соңында барлық қатысушылар ғылыми-шығармашылық бағытта серіктестіктің жалғасатынын айтып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.