Түлектердің алғысы

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 85-жылдық мерейтойы аясында  Педагогика факультетінде «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Педагогика және психология», «Дефектология» Білім бағдарларының 1989-2018 жж. түлектері демеушілігімен «Киберпедагогика» зертханасы ашылды. Зертхананың ашылуы ресми түрде университет ректоры Б.А.Ердембековтің қатысуымен ұйымдастырылды.