Жалпы педагогика және білім берудегі менеджмент – Кафедра тарихы

Құқықтану кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Кафедра тарихы

2023-2024 оқу жылында «Педагогика және білім берудегі менеджмент» факультетінің кафедралары білім беру бағдарламаларының өзіндік ерекшеліктеріне, жұмыс бағыттарына, өндірістік кажеттіліктеріне байланысты қайта бөлініп, «Жалпы педагогика және білім берудегі менеджмент» кафедрасы құрылды. Кафедра құрамында 4 ғылым кандидаты, 2 философия докторы (PhD), 6 магистр жұмыс атқарады.

Кафедра ҚР «Білім туралы» Заңына, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің нормативті-құқықтық актілеріне, ЖОО-ның Жарғысына сәйкес кәсіби тұрғыдан білікті бакалавр, магистр мамандарын даярлайды. «Жалпы педагогика және білім берудегі менеджмент» кафедрасының оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу жұмыстары білім беру бағдарламаларына қойылған талаптарға сай ұйымдастыруды толықтай қамтамасыз етеді.

Кафедраның білім беру бағдарламалары

Бакалавриат

  • 6В01102-Психология және білім беру менеджменті
  • 6B01801-Әлеуметтік педагогика және тьюторлық

 Магистратура

  • 7М01101-Педагогика және психология
  • 7М01105-Педагогикалық өлшемдер

2020-2021 оқу жылынан бастап қоғам талабына және әлеуметтік педагог қызметінің функционалдық траекториясының кеңеюіне сәйкес 5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану ББ бағдарламасы жаңа мазмұнда толықтырылып, 6В01801-Әлеуметтік педагогика және тьюторлық  болып  өзгертілді.

2021 жылғы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өткен Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының рейтингі бойынша 6В01801-Әлеуметтік педагогика және тьюторлық» білім беру бағдарламасы   1-орынға ие болды.

2018 жылы 6М010300-Педагогика және психология, 2022 жылы 6В01801-Әлеуметтік педагогика және тьюторлық», 6В01102-Психология және білім беру менеджменті білім беру бағдарламалары аккредиттеуден өтті.

Кафедра филиалдарымен  бірлескен жұмыс бағыттары

Университеттің кафедра филиалдарының жұмысы 2022 жылдың 30 қарашасында ғылыми кеңестің №5 хаттамасымен бекітілген «Кафедра филиалдары туралы» Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.  Кафедра филиалдары оқу процесін, ғылыми-зерттеу, әдістемелік және практикалық қызметті қамтамасыз ететін оқу базасы ретінде қызмет атқарады.

Бүгінгі таңда университетте кафедра филиалдарымен төмендегідей көптеген жұмыстар атқарылуда:

  • жұмыс берушілердің модульдік білім беру бағдарламаларын, элективті пәндер каталогын жасақтауға, талқылауға, жобалауға, қабылдауға, бекітуге және іске асыруға қатысуы;
  • білім алушыларға дуалды оқыту мүмкіндігін беру;
  • бекітілген пәндер бойынша оқу сабақтарын, оның ішінде зертханалық-практикалық сабақтарды ұйымдастыру және өткізу;
  • бірлескен әдістемелік семинарлар өткізу;
  • кәсіптік практикаларды, білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу;
  • бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу және олардың нәтижелерін өндіріске енгізу;
  • кәсіпорын қажеттілігін ескере отырып элективті курстарды, курстық және дипломдық жұмыстардың (жобалардың) тақырыптарын әзірлеу;
  • түлектерді жұмысқа орналастыру және олардың мансаптық өсуін қадағалау;
  • білім алушыларды тарта отырып, кәсіпорын ұсынған тақырыптар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және олардың нәтижелерін практикаға енгізу және т.б.

Кафедра филиалдары:

  • ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті
  • Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі
  • Ұ.Құлымбетов атындағы №64 орта жалпы білім беру мектебі
  • №39 жалпы білім беретін орта мектебі
  • №1 жалпы білім беретін орта мектебі
  • Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университеті (магистратура бойынша)

Практика апталығы

6В01102Психология және білім беру менеджменті, 6В01801- Әлеуметтік педагогика және тьюторлық білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері 2023-2024 оқу жылының 04.09-15.12 аралығында өндірістік (педагогикалық) практикадан өтуде. Кафедра менгерушісі Рамазанова Д.Ж., кафедра бойынша практикаға жауапты оқытушы Баймахан С.Н. кафедра отырысында студенттердің өндірістік практика базаларынан өту барысы туралы ақпараттар беріп, практика  жетекшілерімен  талқылау жүргізді.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы жүйелі түрде оқу-тәрбие  процесін жетілдіру және оны жаңа инновациялық технологиялармен қамтамасыз ету мақсатында халықаралық, республикалық деңгейдегі кәсіби біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы