Жалпы педагогика және білім берудегі менеджмент – Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы

Жалпы педагогика және білім берудегі менеджмент


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы

Кафедра түлектері бүгінгі таңда республикамыздың түрлі өңірлерінде және Ақтөбе  облысы аймағында абыройлы еңбек етуде. Олардың ішінде ғылым кандидаты, доктор PhD, педагогика және психология магистрлері ғылыми дәреже атақтарына ие түлектеріміз университетімізде оқытушылық қызмет атқаруда.

2022-2023 оқу жылында бітірген  түлектердің төмендегідей жұмыс орындарына   орналасу туралы ақпарат:   Ә.Ермеков атындағы № 23 мектеп-лицей, Бұлақ негізгі мектебі, Қандыағаш қалалық № 1 ЖББМ, АСМК колледж, №56 ЖББМ, Сарықобда ОМ, Детский развивающий центр CROKIDS,  Хлебодаровка ЖОББМ, №2 мектеп гимназия, Ә.Дербісалин атындағы Саралжын орта мектебі, № 13 “Бөбек” балабақшасы, Әлия Молдагулова атындағы орта мектеп.

Кафедрамыздың білім беру бағдарламаларының бітіруші түлектері  «Дипломмен ауылға» атты акцияға үн қосып, Байғанин, Мәртөк, Әйтеке би, Шалқар аудандары сынды   облыс, аудан көлемінде еңбек етуде. Бірқатар түлектер магистратура, докторантура деңгейінде өз білімдерін жалғастыру мүмкіндіктеріне ие.

Жасжанова Медеухан Тобышовна – Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің әдіскері, педагогика ғылымдарының магистрі, психодраматерапевт. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің “Педагогика және психология” мамандығының  2015 жылғы түлегі, 2022 жылы осы білім бағдарламасының  магистратурасын бітірген.

Қайып Ақбота Баймұратқызы – М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназиясында оқытушы, менталды арифметикадан инструктор, Халықаралық менталды арифметика мектебі (ISMA),  Бастауыш сынып оқушыларына репетитор, «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі (класс жетекші, класс жетекшілер әдіст. бірлестігінің жетекшісі). Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығын бітірген. «Өзін-өзі тану» пәнінің үздік мұғалімі – 2018» облыстық байқауында білім саласын жандандыру жолындағы жаңашылдығын көрсеткені үшін «Шығармашыл ұстаз» номинациясы, Ақтөбе қаласы, 2018 жыл.

Төлегенова Күнсәуле Нұртайқызы – Ақтөбе қаласы, «А.Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназиясының» әлеуметтік педагог маманы. Санаты педагог-модератор. Жас педагогтар сайысына қатысып, “Заманауи жас маман-2021″атағына ие болған, ”Жалындай бер жас маман” Республикалық байқауына қатысып құрмет грамотасы және сертификат”, ІІІ Республикалық “Үздік педагог олимпиадасы-2021” педагогикалық олимпиадасының 1-орын иегері.

2022 жыл Аманат партиясы ұйымдастыруымен өткен “Мәртебелі ұстаз-2022” облыстық байқауының сертификат иегері;

2022 жыл Облыстық “Педагогикалық идеялар фестивальі” байқауының алғыс хат иегері;

2022 жыл Республикалық “Үздік әлеуметтік педагог” байқауының 3-орын иегері;

2023 жыл Облыстық “Үздік жас маман-2023” байқауының 1-орын иегері;

2023 жыл мектеп-гимназия бойынша жыл соңында ақшалай сыйлық “Үздік әлеуметтік педагог” атағы берілді;

2023 жыл Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының қоғамдық істерге белсене ат салысқаным үшін алғыс хат;

2023 жыл еріктілер тобына класымен үлес қосқаным үшін алғыс хат иегері;

2023 жыл Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығынан іс-тәжірибемен бөліскенім үшін алғыс хат;

2023 жыл Ақтөбе облысы жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығы” ЗТБ-ның төреағасынан алғыс хат.

Құспанқызы Лира – Ақтөбе қаласы Ж.Тәшенов атындағы №68 ЖББОМ өзін-өзі тану  мұғалімі. Санаты-педагог-модератор. “Білікті педагог” байқауының 3 орын иегері, “Өзін-өзі тану-ізгілік шуағы” педагогтар байқауынан Алғыс хат алған, “Қайырымдылық қадірлі іс” байқауының 3 орын иегері.

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы