Әдістемелік жобалар – 2020

Кафедра оқытушысы, п.ғ.к., доцент  Жазыкова М.Қ. Оқу-әдістемелік жұмыс және қашықтықтан білім беру орталығының ұйымдастыруымен Жұбанов университетінің 85 жылдық мерейтойы аясында «Әдістемелік жобалар – 2020» байқауына қатысып, жүлделі 1 орынға ие болды.