«Ізгілік шуағы» еріктілер кабинеті

«Ізгілік шуағы» еріктілер тобы 2012 жылы «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандықтары студенттерінің ерікті бастамасымен құрылған. Педагогика факультетінің студенттері әр уақыт өз еріктерімен аз қамтылған отбасы балаларына, қамқорлыққа зәру жандарға көмек қолын созып келеді. Аталған жұмысты одан әрі жандандыру үшін ашылып отырған «Ізгілік шуағы» еріктілер кабинетінің студенттердің бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда орны ерекше болмақ.