«Тар заман» фильмінің онлайн көрсетілім

«Тар заман» фильмінің онлайн көрсетілім

Ағымдағы жылдың 5-інші қыркүйек күні Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай Педагогика факультетінде Zoom Video Communicatio платформасында «Тар заман» фильмінің онлайн көрсетілім кеші болып өтті.

Шара барсында педагогика, психология және бастауыш оқыту кафедрасының меңгерушісі Гүлшат Рахметжанқызы Бахтиярова Ахмет Байтұрсынұлының оқу -ағартушылық  ойларын қатысты баяндама жасап, жас ұрпақ үшін тағылымы мол ақпараттар айтты.

Онлайн көрсетілім кешіне 50-ден аса факульет студенттері қатысты,  педагогика факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жандарбек Иманшиев шараңыз маңыздылығы туралы сө етіп, бұндай жаңа форматтағы шаралар әлі жалғасын табатындағы туралы айтты.

Кеш жүргізушісі педагогика, психология мен бастауыш оқыту кафедрасының оқытушысы Райбек Телжанұлы фильмнің түсірілу барысымен таныстырды.  Әрі қарай барлық қатысушылар «Тар заман» киносын көрді.