«Киберкеңістікте кәсіби қызметті жүзеге асыруды психологиялық сүйемелдеу» тақырыбында семинар-тренинг

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Цифрландыру апталығы аясында Педагогика факультетінде п.ғ. докторы, профессор К.Ж.Туребаева, «Сенім» әлеуметтендіру орталығының меңгерушісі М.М.Бегимованың ұйымдастыруымен «Киберкеңістікте кәсіби қызметті жүзеге асыруды психологиялық сүйемелдеу» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренинг барысында кәсіби қызмет, киберкеңістіктегі педагогтың кәсіби қызметі мәселелері талқыланып, тренингтік жаттығулар ұйымдастырылып, психолог кеңестері берілді. Сонымен қатар, семинарға университеттің Стратегиялық даму және цифрландыру жөніндегі проректоры А.У.Бекбауова, Педагогика факультетінің деканы Ж.А.Жусупова, Филология факультетінің деканы К.Қ.Садирова, кафедра оқытушылары, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қ.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінен профессор оқытушылар, докторанттар, магистранттар қатысты.