«5В010500 (6В01901)-Дефектология» білім бағдарламасы бойынша ХІІ Республикалық студенттік пәндік олипиада

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Педагогика факультеті базасында 2020 жылдың 27 қарашасында «5В010500 (6В01901)-Дефектология» білім бағдарламасы бойынша ХІІ Республикалық студенттік пәндік олипиадасы өткізілді. Олимпиадаға Республикамыздың жоғары оқу орындарынан 11 команда, 33 студент қатысты. Барлық командалардың ғылыми жетекшілері, қатысушы студенттер жоғары жауапкершілік және белсенділіктерін көрсетті.
2020-2021 оқу жылында пәндік олимпиада өткізу эстафетасына және 1 орынға А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті ие болды. Олимпиада соңында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті командасының ғылыми жетекшісі Г.Н. Мусеева және А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті «Педагоги будущего» командасының студенті С.М. Казкенова ұйымдастыру алқасына ризашылықтарын білдірді.