Жалпы педагогика және білім берудегі менеджмент – Оқу және ғылыми қызметі

Жалпы педагогика және білім берудегі менеджмент


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Оқу және ғылыми қызметі

2023-2024 оқу жылында білім бағдарламаларының бағыттары бойынша өндірістік кажеттіліктерге байланысты кафедралар бөлініп, «Жалпы педагогика және білім берудегі менеджмент» кафедрасы құрылды. Кафедра құрамында 4 ғылым кандидаты, 2 философия докторы (PhD), 6 магистр жұмыс атқарады.

«Жалпы педагогика және білім берудегі менеджмент» кафедрасы бакалавриат және магистратура білім бағдарламалары бойынша қызмет көрсетеді:

Бакалавриат:

6В01102-Психология және білім беру менеджменті

6В01801-Әлеуметтік педагогика және тьюторлық

Магистратура:

7М01101-Педагогика және психология

7М01105-Педагогикалық өлшемдер

Жетістіктер

2021 жылы п.ғ.к., доцент А.К. Тоғайбаева, философия докторы (PhD) Д.Ж. Рамазанова Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігімен ұйымдастырылуымен өткен ЖОО Үздік Оқытушысы конкурсына қатысып, «ЖОО Үздік Оқытушысы – 2021» атағын жеңіп, төс белгіге ие болды.

Кафедраның ПОҚ п.ғ.к., доцент А.К. Тоғайбаева, п.ғ.к., доцент М.Н. Есенгулова, философия докторы (PhD) Д.Ж. Рамазанова 2022-2023, 2023-2024 оқу жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде ұйымдастырылған  «Оқытушы-зерттеуші» жобасына қатысып, «Оқытушы-зерттеуші» біліктілігінде зерттеушілік қызмет көрсетті.

2023 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде ұйымдастырылған 7М01-«Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша магистранттардың Республикалық VIII олипиадасында 7М01101-Педагогика және психология ББ бойынша Жұбанов университетінің командасы 3-ші орынды иеленді. Команда жетекшісі педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент А.К. Тогайбаева алғыс хатпен марапатталды.

2023 жылы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық унверситетінде өткен Республикалық жоғары оқу орындары магистранттарының ғылымизерттеу жұмыстары байқауының Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 7М01101-Педагогика және психология ББ бойынша жеңімпазы, магистранты Жүмабаева Гүлдана ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент А.К. Тогайбаева, философия докторы (PhD) Д.Ж. Рамазанова.

2023 жылы 13 қыркүйек күні  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің тапсырмасына сәйкес ҚР Үкіметі балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз етудің 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарын қабылдады. Аталмыш жоспарды талқылау мақсатында Жұбанов университетінде «Балалар әл-ауқатының негізі – педагогтардың трансформациясы» атты облыстық ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

2023 жылы 10 қазан күні кафедра доценттері п.ғ.к. А.К. Тоғайбаева мен М.Н. Есенгулова Қырғызстан Республикасы Бішкек қаласындағы Қырғыз-Қазақ университетінде ғылыми тағылымдамадан өтіп, “Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды педагогикалық-психологиялық қолдау” тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинарға Қырғыз-Қазақ университетінің 50-ден аса профессор оқытушылар құрамы қатысты. Педагогика ББ жетекшісі п.ғ.к., доцент Б.Б. Нарматова біздің әріптестерге жоба тақырыбының өзектілігін жоғары бағалады. Топтық жұмыс барысында профессор оқытушылар құрамы әр топта жұмыс жасай отырып ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың категорияларымен ғана емес,  олармен қарым-қатынас жасау және қоғамда әлеуметтендіру мәселелері бойынша ойларын ортаға салды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

2023 жыл 27 қазан күні кафедра доценті, п.ғ.к. А.К. Тоғайбаева, магистр Р.Т. Сағадатов «TOMIRIS» оқу ақпараттық бағдарлама аясында «Қақтығыстың жолдарын шешу» шебер класын өткізді.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамының Республикалық оқу-әдістемелік кеңес шешімімен баспадан шығаруға ұсынылған  оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдары:

  1. Наренова А.Б., Есенгулова М.Н. Бағалаудың өлшемдік технологиялары. – Оқу құралы. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы «Білім» тобындағы мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік секциясы және ҚР БҒМ республикалық оқу-әдістемелік Кеңесі ұсынған, Хаттама №1 19.11.2019 ж.
  2. Есенғұлова М.Н. Мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық-педагогикалық диагностикасы жарияланған       Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік Кеңесіне ұсынған.   №6,  05.2019ж. Оқу құрал.- Алматы: Эпиграф, 2019-256б.  Ғылми туынды ретінде Авторлық куәлік №4209, 25.06.2019ж.
  3. Есенғұлова М.Н. Жас ерекшелік психологиясы. – Оқу әдістемелік құрал. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе, 2021.-124б.
  4. Мейірханова А.А. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында әлеуметтік педагог қызметін ұйымдастыру. – Оқу әдістемелік құрал, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы, 2021 ж.– 60
  5. Рамазанова Д.Ж., Тоғайбаева А.К. Педагогикалық акмеология. – Оқу құралы. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы РОӘК «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы Оқу – әдістемелік бірлестігінің (Жобаларды басқару топтары) грифімен жарық көру үшін баспаға ұсынылды. Хаттама №4, 16 маусым 2022ж.
  6. Туякова У.Ж. Болашақ әлеуметтік педагогтардың эмоционалдық интеллектісін қалыптастыру әдістемесі. – Оқу әдістемелік құрал. Л.Н. Гумилев атындығы Еуразия ұлттық университеті, Әлеуметтік ғылымдар факультетінің Ғылыми Кеңес отырысында қаралып, баспаға ұсынылды, №5 хаттама, 28ақпан, 2022ж. ӘОЖ 031 КБЖ  74.60
  7. Рамазанова Д.Ж., Садыкова С.А. Педагогика (ағылшын тілінде). Қ.Жұбанов атындағы АӨУ Академиялық кеңесінде бекітілді. Хаттама №5, 25 ақпан 2022 ж.

Монография:

  1. Есенгулова М.Н. Халықтық педагогика идеялары негізінде студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.– Ақтөбе: Жұбанов университеті, 2019. – 144 б.
  2. Тогайбаева А.К. Жоғары оқу орны студенттерінің құқықтық мәдениетін қалыптастыру. – Ақтөбе: Жұбанов университеті, 2019. – 144 б.
  3. Есенгулова М.Н. Халықтық педагогикалық идеялар негізінде. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік Кеңесіне ұсынған. №5 хаттама 09.01.2020ж.
  4. Рамазанова Д.Ж. Формирование воспитательной культуры будущего учителя в образовательном процессе вуза. – Актобе, 2022. – 155 с.
  5. Togaibayeva A. Formation of legal culture of the students in higher education institutions. Monograph. – Aktobe, 2022. – 122 p.
  6. Ramazanova D. Educational culture of the future teacher: theory and practice. Monograph. – Aktobe, 2023. – 103 p.
  7. Мовкебаева З.А., Абаева Г.А., Оразаева Г.С., Туребаева К.Ж., Рамазанова Д.Ж. и др. «Зарубежный опыт подготовки специалистов для работы с детьми с ограниченными возможностями». Монография под редакцией Д.Н. Билялова. — «ТОО «Нур-ДиАс баспасы», Алматы – 2023г. 315 с.
  8. Ramazanova D.Zh. Educational culture of the future teacher: theory and practice. Monograph. – Aktobe, 2023. – 103 p.

Академиялық ұтқырлық

Кафедра студенттері мен магистранттары отандық және шет елдік жоғары оқу орындарында білім бағдарламаларымен алмасу жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді.

Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2021-2022 оқу жылының  2-ші жартыжылдығында 5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану білім бағдарламасының 3-курс студенті Серікова Ділназ, 5В010300-Педагогика және психология білім бағдарламасының 2-курс білім алушысы Алуадин Альбина Кастамону университетінде (Түркия Республикасы, Кастамону қаласы) білім алып келді. 6В01102-Психология және білім беру менеджменті ББ бойынша 2-курс білім алушысы  Амангельдиева Асем Помор Академиясында (Польша, Слупск қаласы) білім алып келді.

Ұлттық академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2021-2022 оқу жылының  2-ші жартыжылдығында 6В01102-Психология және білім беру менеджменті ББ бойынша 2-курс білім алушысы Бердибаева Нурбану Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде білім алды.

2022-2023 оқу жылының ІІ жартыжылдығында   6В01801-Әлеуметтік педагогика және тьюторлық ББ бойынша Шандаев Тимурхан Булатович  (М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, 3-курс) білім алды.

2023-2024 оқу жылының І жартыжылдығында  6В01801-Әлеуметтік педагогика және тьюторлық ББ 3-курс студенттері Көлбаева Гүлнұр, Айтпаева Құралай Абай атындағы  Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде сәйкес мамандықтары бойынша білім алуда.

2023-2024 оқу жылында 7М01101-Педагогика және психология білім беру бағдарламасының 2-курс магистранттары Толеуова Құндызай және Муканова Жұлдызай Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде білім алуда.

 

Электрондық оқу ресурстарын әзірлеу және жариялау


Тоғайбаева  Айгүлден Кадировна

Электрондық ресурстар – бейнелекциялар:

Рамазанова Динара Жубанышевна

Электрондық ресурстар – бейнелекциялар:

Есенғұлова Мейрамгүл Нұралықызы

Электрондық ресурстар – бейнелекциялар:

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы