Психологиялық-педагогикалық және арнайы білім беру кафедрасы – Кафедра тарихы

Психологиялық-педагогикалық және арнайы білім беру кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Кафедра тарихы

Батыс Қазақстан өңіріндегі ең ірі жоғары оқу орындарының бірі, «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ тарихында Психологиялық-педагогикалық және арнайы білім беру кафедрасының орны ерекше алады. Университет құрылымында 30 жылдан астам тарихы бар кафедра өз қызметін 1981 жылы «Психология» кафедрасы ретінде бастады, 1989 жылы Тарих-педагогика факультеті жанынан «Бастауыш оқыту және мектепке дейінгі тәрбие» кафедрасы ашылды, 1990 жылы «Мектепке дейінгі тәрбие», «Педагогика және психология» кафедрасы, 2004-2014ж.ж.  «Арнайы және жасерекшелік педагогикасы», «Арнайы және жас ерекшелік психологиясы», 2014-2019 жж. «Теориялық және қолданбалы психология», «Білім беру педагогикасы мен психологиясы», «Мектепке дейінгі және арнайы білім беру» кафедра құрамынан бөлінуі нәтижесінде қайта құрылды. 2019-2020 оқу жылдан дайындық бағыттарының сабақтастығын сақтау мақсатында кафедраларды біріктіру арқылы қайта құрылып, нәтижесінде осы кезеңдегі «Психологиялық-педагогикалық және арнайы білім беру» кафедрасы болып ашылды.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы мен түлектері еліміздің барлық аймақтарында, тіпті шетелдерде білім мен ғылымның дамуына өз үлестерін қосуда. Олар А.А. Тасимова, А.С.Нурадинов, У.С.Нургалиева, А.С.Мамбеталина, Ж.Т.Уталиева, Н.М.Зыкова, М.Д.Ескешова, А.Ш.Тәңірбергенова, Г.Б.Жукенова, Г.М.Нигмеджанова, Г.Қ.Айжанова және т. б.

2021-2022 оқу жылында кафедра құрамында 37 оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде 1 ғылым докторы, 2 философия докторы (PhD), 11 ғылым кандидаты, 22 магистр.

Психологиялық-педагогикалық және арнайы білім беру кафедрасы келесі білім беру бағдарламалары бойынша мамандар дайындайды:

Бакалавриат

  • 6В01101 – ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ
  • 6В01102 – ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ МЕНЕДЖМЕНТІ
  • 6В01201 – МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ
  • 6В01902 – АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА
  • 6В03101 – ПСИХОЛОГИЯ
  • 6В03102-КЛИНИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ

Магистратура

  • 7М01101 – ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ
  • 7М01102 – ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ МЕНЕДЖМЕНТІ
  • 7М01201–  МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ
  • 7М01902 – АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА
  • 7М03101 – ПСИХОЛОГИЯ

 

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы жүйелі түрде оқыту процесін жетілдіру және оны жаңа инновациялық технологиялармен қамтамасыз ету мақсатында «Өрлеу» біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Соңғы үш жылда оқытушылар С.Е.Досжанова, М.Н. Есенгулова, Г.И. Туретаева, Г.К.Кусаметова, А.М.Таганова, М.Ю.Саутенкова, А.Т. Каримова, Г.М. Каримова, А.А.Утеуова, Б.Б.Исатаева, А.К.Измагамбетов, Р.Д. Дүйсенбаева, А.Т.Рыстығұлова, Р.М.Измагамбетова, Н.Е.Бозғұланова, К.М.Кеңшілікова, Р.Е.Тильмагамбетова. Б.И.Амантаева аталған курс бағдарламаларын меңгерді. 2017 жылы кафедра оқытушылары Б.Т.Жубатырова, Р.Д.Дүйсенбаева, А.Т.Рыстығұлова Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде ағылшын тілінен біліктілік көтеру курстарынан өтті.

Сонымен қатар, 2020-2021 оқу жылында кафедраның профессор-оқытушылар құрамы университеттегі Үздіксіз білім беру институтының цифрлық технологияларды оқыту процесіне белсенді түрде ендіру мақсатында ұйымдастыруымен өткен «Интерактивті электронды курстар дайындау», «Видеодәрістер жазуда қолданылатын виртуалды орталар», «Тест құруға арналған интернет платформалар», «Сандық білім беру мен қашықтықтан оқытудағы заманауи коммуникациялық технологиялар мен құралдар»,  «Организационная культура: от контроля к оценке результатов», «Современные подходы к организации учебного процесса. Поддержка инновационных педагогических технологий», ««Subject-language integrated learning in the process of teaching special disciplines»», «Информационные  технологий и их роль в создании систем дистанционного образования и активизации самостоятельного обучения», «Методология проведения исследования и написания статей», «Управленческое мышление: технологии и практика», «Киберпедагог», «ЖОО-дағы инклюзивті білім беру», «Инновационные технологии и методика дошкольного обучения», «Event-менеджмент. Корпоративтік іс-шараларды ұйымдастыру», «Основы трудового законодательства» білім жетілдіру курстарынан өтті.

2021-2022 оқу жылының басында Туребаева К.Ж. Алматы облысы, Чунджа ауданындағы Қазақстан психоанализ қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен «Психологическое сопровождение современной организации: системная супервизия, digital-стратегии» тақырыбындағы курсынан өтті, Бозғұланова Н.Е. педагогикалық білім беруді жақсарту мақсатында Дүниежүзілік Банктің “Педагогикалық білім беру әлеуетін күшейту” жобасы шеңберінде біліктілікті арттыру курсынан өтуде.

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы