Психология және арнайы педагогика кафедрасы – Оқу және ғылыми қызметі

Психология және арнайы педагогика кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Оқу және ғылыми қызметі

Профессор-оқытушылар құрамы ғылыми-зерттеу жұмыстарын Чехия, Болгария, Ресей, Украина, Беларусь т.б. шетелдік және отандық жоғары оқу орындары, ғылыми зерттеу орталықтарымен тығыз байланыста жүргізеді.

Барлық ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті, РФ ЖАК бекітілген журналдарында, халықаралық ғылыми-теориялық және ғылыми-практикалық конференциялар басылымдарында, импакт-фактор көрсеткіштері бар журналдарда белсенді түрде жарияланады.

2013 жылы К.Ж.Туребаева мен С.Е.Досжанованың бірлескен авторлығымен «World  Applied Sciences» журналында «Forming Communicative Competence as a Condition for Successful Realization of Student’s Individuality», К.Ж.Туребаева, С.Е.Досжанова, Ж.О.Оразова, Б.Т.Жубатырованың бірлескен авторлығымен «Middle-East Journal of Sientific Reseacher» журналында Socio-Economic Sciences and Humanities «Education of Tolerant Personality of a Future Specialist as the Social-Pedagogical Phenomenon, А.Т.Каримова, М.Н.Есенгулованың «The European Proceedings of Social & Behavioural Sciences» журналында «The Social Role Approach of Family Education in Adolescents Development», А.Т.Каримованың “The European «Proceedings of Social & Behavioural Sciences журналында» «Cognitive style and gender differences in spatial abilities», Г.И.Төретаеваның «International journal of academic research vol» журналында «The conception of educational work organization  In higher educational institutions», Г.И.Төретаеваның «Journal of Scientific Research » журналында «The effectiveness of the organization of students’ extracurricular activities in professional system in higher education» ғылыми мақалалары жарияланды.

2020 жылы К.Ж.Туребаева, А.К.Тогайбаева, М.Н.Есенгуловалардың бірлескен авторлығымен «Journal of Talent Development and Excellence» журналында «Nurture of Multiculturalism of Future Teachers in the Process of Foreign Language Teaching» тақырыбында мақалалары жарияланды.

2020 жылы К.Ж.Туребаева, З.У.Имжарова, А.К.Тогайбаева, М.Н.Есенгулова, Д.Ж.Рамазановалардың бірлескен авторлығымен «European Journal of Science and Theology» журналында «RELIGIOUS APPROACH TO THE PROBLEM OF EDUCATION IN V.V. ZENKOVSKY’S ORTHODOX PEDAGOGY» тақырыбында мақалалары жарияланды.

2020 жылы А.К.Тогайбаева мен Д.Ж.Рамазанованың бірлескен авторлығымен «European Journal of Science and Theology» журналында «The religious context of humanistic spiritual and moral values as a factor in counteracting self-destructive tendencies in student behaviour» тақырыптағы мақаласы жарық көрді.

2021 жылы А.К.Тогайбаева, З.У.Имжарова, Д.Ж.Рамазанова, Ж.Е.Иманчиевтердің бірлескен авторлығымен «European Journal of Science and Theology» журналында «Correlation between religious and legal norms at the stage of postsecularisation» тақырыбындағы мақалалары жарияланды.

2021 жылы А.К.Тогайбаева мен Д.Ж.Рамазанованың бірлескен авторлығымен «World Journal on Educational Technology: Current Issues» журналында «Evaluation of pre-service teachers’ views on their ability to use instructional technologies» мақалалары жарияланды.

Сондай-ақ ағымдағы жылы К.Ж.Туребаева, А.К.Тоғайбаева және Д.Ж.Рамазанова Web of Science базасында 3 хирша алды.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамының Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі шешімімен баспадан шығарылған оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдары:

  1. А.К.Кенжегулова. Қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы пәні бойынша студенттердің өз бетінше жұмыстары. Оқу құралы. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы «Білім» тобындағы мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік секциясы және ҚР БҒМ республикалық оқу-әдістемелік Кеңесі ұсынған, Хаттама №3 28.05.2008 ж.
  2. К.Ж.Туребаева. Педагогика (Дидактика) Оқу құралы. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы «Білім» тобындағы мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік секциясы және ҚР БҒМ республикалық оқу-әдістемелік Кеңесі ұсынған, Хаттама №11, 22. 12.2009 ж.
  3. К.Ж.Туребаева, М.Н.Есенгулова. Психологиялық-педагогикалық диагностика. ЖОО Қауымдастығы. – Алматы, 2012. -303б.
  4. К.Ж.Туребаева, А.С.Мамбеталина. История психологии. Оқу құралы. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы «Білім» тобындағы мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік секциясы және ҚР БҒМ республикалық оқу-әдістемелік Кеңесі ұсынған, Хаттама №1, 18.02.2013 ж.
  5. К.Ж.Туребаева, Н.Е.Майтанова. Педагогическое мастерство. Оқу құралы. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы «Білім» тобындағы мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік секциясы және ҚР БҒМ республикалық оқу-әдістемелік Кеңесі ұсынған, Хаттама №5, 20.04.2013 ж.
  6. К.Ж.Туребаева, Ж.Ж.Картбаева. Арнайы педагогика. Оқу құралы. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы «Білім» тобындағы мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік секциясы және ҚР БҒМ республикалық оқу-әдістемелік Кеңесі ұсынған, Хаттама №3 28.05.2013 ж.
  7. Каримова А.Т. Психология и развитие человека. – Оқу құралы. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы «Білім» тобындағы мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік секциясы және ҚР БҒМ республикалық оқу-әдістемелік Кеңесі ұсынған, Хаттама №1 23.01.2015 ж.
  8. Нургалиева У.С., Туребаева К.Ж., Досжанова С.Е. Психология. – Оқу құралы. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы «Білім» тобындағы мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік секциясы және ҚР БҒМ республикалық оқу-әдістемелік Кеңесі ұсынған, Хаттама №1 19.11.2019 ж.
  9. Наренова А.Б., Есенгулова М.Н. Бағалаудың өлшемдік технологиялары. – Оқу құралы. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы «Білім» тобындағы мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік секциясы және ҚР БҒМ республикалық оқу-әдістемелік Кеңесі ұсынған, Хаттама №1 19.11.2019 ж.
  10. Туребаева К.Ж. Креативті педагогика: оқу құралы. Баспаға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы ҚР БҒМ РОӘК «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы Оқу-әдістемелік бірлестігінің (Жобаларды басқару топтары) ұсынған. Хаттама №3, 05.2021 ж.
  11. Туребаева К.Ж., Жусупова Ж.А., Бозгуланова Н.Е., Аманжол М.А. Methodology for speech development of preschool children. Textbook (Training manual). Баспаға Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті жанындағы ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі оқу-әдістемелік бірлестігі –Жобаларды басқару топтары ұсынған. Хаттама №3, 07.04.2021 ж.

Академиялық ұтқырлық

Кафедрада студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында отандық жоғары оқу орындарында білім бағдарламаларымен алмасу жұмыстары белсенді түрде жолға қойылған.

Ұлттық академиялық ұтқырлық бағдарламасы

2018-2019 оқу жылының екінші жартыжылдығында 6В01901 – Арнайы педагогика, «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» ББ студенттері А.Болат, Ш.Ахметова, А.Калданова, А.Жақсылық, Г.Дүйсенбай Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде білім алды.

Ішкі академиялық ұтқырлық  бағдарламасы аясында  2018-2019 оқу жылында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 6В01901 – Арнайы педагогика, ББ 3 курс студенті  Мухадас Құмшабай біздің университетте білім алды.

2019-2020 жылы 6В01101-Педагогика және психология ББ 3 курс студенті Ш.Қазбаева Тараз мемлекеттік педагогикалық институтына жіберілді. 6В03101-Психология ББ 2 курс студенті А.Бейсенбі Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде білім алды. 6В01101- Арнайы педагогика ББ студенттері А.Болат, Ш.Ахметова Абай атындағы ҚазҰПУ-да білім алды.

2019-2020 оқу жылында Арқалық педагогикалық институтынан келіп білім алғандар:

  • 6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ББ студенті С.Жантурина, 3 курс студенті Қ.Жанарбек, З.Жәнібек;
  • 6В01901-Арнайы педагогика ББ бойынша Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінен келіп білім алғандар Ж.Нурибекова, Р.Нәден, А.Өтеғали, И.Отарбаева, М.Нұрсұлтанова, Н.Серікбай, Н.Абуова, Г.Магизомова, 1 курс студенті Р.Мұратбекова.
  • 6В01101-Педагогика және психология ББ Қарағанды қаласы «Болашақ» академиясынан А.Құрманжан, А.Ермекова, С.Әбжанова.

Ағымдағы оқу жылында 5В030500-Психология ББ 4 курс студенті В.Лавров Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде білім алуда.

Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы

2017-2018 оқу жылында 6В01201 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ББ бойынша 3 курс студенті Сабина Тұржанова, 2018-2019 оқу жылында   жылында 6В01201 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ББ бойынша 3 курс студенті Вагнер Оксана Польшаның Экономика университетінде (Быдгощь қаласы) білім алды.

2019-2020 оқу жылының 1-ші жартыжылдығында 5В010500-Педагогика және психология ББ 3 курс студенті А.С.Абитова аталмыш университетте білім алды.

2019-2020 оқу жылының 1-ші жартыжылдығында 5В010500-Дефектология ББ 3 курс студенттері Д.Р.Муфтулаева мен С.Ғ.Тілек Қазан федералдық университетінде оқыды. 2020-2021 оқу жылының 1-ші жартыжылдығында 5В010500-Дефектология ББ  3 курс студенттері А.Тілегенова мен А. Махатжанова және 5В030500-Психология ББ студенттері Г.Акбисенова, А.Аманғали, И.Амангелді, А.Арыстанбек Быдгощ қаласындағы (Польша) Экономика университетінде онлайн форматта білім алды. Сондай-ақ 6В03101-Психология ББ 2 курс студенттері Н.Ишканов, Э.Каримова, В.Довиновская және А.Булышева А.С.Пушкин атындағы Ленинград мемлекеттік университетінде онлайн форматта білім алды.

2021-2022 оқу жылының 1-ші жартыжылдығында 6В03101-Психология ББ 3 курс студенті Н.Ишканов  РФ Уфа қаласындағы Башқұрт мемлекеттік университетінде, 6В03101-Психология ББ 2 курс студенті Д.Викторова Слупск (Польша) қаласының Помор академиясында білім алуда.

Профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 2018-2019 оқу жылының 1-ші жартыжылдығында кафедраның аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Б.Б.Ертлеуова Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінде Мектепке дейінгі білім беру мен Бастауыш білім беру профильдері бойынша 44.03.05 “Педагогикалық білім” дайындық бағытының 2 курс студенттеріне “Оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен технологиялары” пәні бойынша, бейіндері бойынша дәріс оқыды.

2020-2021 оқу жылының 1-жартыжылдығында Италияның Генуи университетінің профессоры философия докторы (PhD) Диана Спулбер 5В010500-Дефектология ББ 3 курс студенттеріне «Психолингвистика» және «Индивидуальные формы логопедической работы» пәндерінен онлайн дәріс оқыды.

2021-2022 оқу жылының 1-ші жартыжылдығының 8 мен 26 қараша аралығында Психология-педагогикалық және арнайы білім беру кафедрасының доценті, пс.ғ.к. М.Ю.Саутенкова  Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университетінің 6В01101-Педагогика және психология ББ студенттеріне “Педагогикалық шеберлік” пәні бойынша онлайн форматта дәріс оқыды. Сондай-ақ, Ұлттық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университетінің профессоры, п.ғ.к. А.А.Тасимова  университеттің  5В030500-Психология ББ 4 курс студенттеріне “Конфликтология” пәні бойынша дәріс оқыды.

11.03.2022 ж  факультетте «Отбасы институтын нығайту және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу»  тақырыбында семинар-тренинг  ұйымдастырылды. Семинар барысында оқытушы Д.М Бекенова Қазақстанда Үкімет қаулысымен республикадағы әйелдердің жағдайын жақсартуға бағытталған Ұлттық жоспар әзірленіп, бекітілгенін айтты. Қазіргі таңда, тұрмыстық зорлық-зомбылық ең өткір және кең таралған әлеуметтік мәселелердің бірі болып табылады. Басымдықтардың бірі әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жағдайларын азайту бойынша жұмыс болды. Семинарға қатысқан психологтар Нұрлыбай Жандос, Жүсіпова Нұргүл 2020-2022 жылдарға арналған отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында қаралған істердің статистикалық мәліметтерін ұсынды. Семинар-тренинг барысында қатысушыларға зорлық-зомбылық туралы қысқаша баяндамалар оқылып, бейнероликтер көрсетіліп, зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша кеңестер берілді. Семинардың соңында  тренинг өткізілді. Студенттер көтерілген мәселелер бойынша өз ойларын ортаға салып, зорлық-зомбылыққа қарсы айтылған пікірлерді толықтай қолдайтындықтарын айтты.

2022 жылдың 4 қарашасында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті «Психологиялық- педагогикалық және арнайы білім беру» кафедрасының ұйымдастыруымен «Арнайы білім беру саласындағы нормативтік жаңартулар» тақырыбындағы қалалық оқу- әдістемелік семинар өтті.

Семинарға факультет деканы педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.А.Жусупова,  кафедра меңгерушісі педагогика ғылымдарының докторы, профессор К.Ж.Туребаева, кафедраның ПОҚ және Арнайы педагогика білім бағдарламасының студенттері қатысты.

Семинар жұмысына №1 қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация коммуналдық мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі Г.Б.Қаржанова «Арнайы және инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық базасы» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама барысында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға білім беруді ұйымдастыру мәселелері жан-жақты тиімді талқыланды. Практикалық өз тәжірибесімен бөліскен арнайы білім беру мамандарының шығармашылығы білім алушылар үшін айрықша қызығушылық тудырды. Оқу- әдістемелік семинар жұмысын кафедра меңгерушісі К.Ж.Туребаева қорытындылап, қатысушыларға ризашылығын білдірді.

hat

Электрондық оқу ресурстарын әзірлеу және жариялау


Тоғайбаева  Айгүлден Қадырқызы

Электрондық ресурстар – бейнелекциялар:


Рамазанова Динара Жұбанышқызы

Электрондық ресурстар – бейнелекциялар:


Қартбаева Жайнагүл Жаншақызы

Электрондық ресурстар – бейнелекциялар:


Есенғұлова Мейрамгүл Нұралықызы

Электрондық ресурстар – бейнелекциялар:


Төребаева Клара Жаманбайқызы

Электрондық ресурстар – бейнелекциялар:

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы