Психологиялық-педагогикалық және арнайы білім беру кафедрасы – Материалдық-техникалық база
Психологиялық-педагогикалық және арнайы білім беру кафедрасы
Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы
Материалдық-техникалық база
Қазіргі таңда 6В01101 – Педагогика және психология, 6В01102 – Психология және білім беру менеджменті, 6В01201 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, 6В01902 – Арнайы педагогика, 6В03101 – Психология ББ мамандарын дайындау – дамыған материалдық-техникалық және әлеуметтік база жағдайында ұйымдастырылып отыр.
Кафедраның материалдық-техникалық базасы үнемі жаңартылып және толықтырылып отырады. Дамыған инфрақұрылым білім беруді тиімді ұйымдастырудағы қажетті шарттардың бірі. Оқу базаларын аудиториялар, педагогикалық тәжірибелердің әдістемелік кабинеті, оқу кабинеттері, оқу залдары, спорт залдары құрайды. Барлық оқу аудиториялары мен оқу базалары санитарлық-эпидемиялық талаптарға сай жабдықталған (18.05.2012 ж. №362 бұйрық).
«ЗЕРДЕ» оқу-әдістемелік кабинеті
«СЕНІМ» әлеуметтендіру орталығы
Жеке тұлғаны дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, сондай-ақ Қ.Жұбанов атындағы АӨУ білім алушыларының әлеуетін іске асыру мақсатында “Сенім” әлеуметтендіру орталығы жұмыс істейді. Орталықтың мақсаты – білім алушылардың бейімделу үдерісінде тұлғаның психологиялық жағдайын үйлестіру.
“Сенім” әлеуметтендіру орталығының міндеттері:
- білім алушылардың бейімделу үдерісінде психологиялық көмек көрсету;
- жылы және қорғаныс атмосферасын құру, мазасыздықтың, қорқыныштың, агрессияның алдын алу және түзету;
- психикалық денсаулықты сақтау;
- отбасынан тыс және ата-анасынан алыс өмір сүретін жағдайларға бейімделулерін жақсарту;
- топта жеке қарым-қатынас орнату;
- Қ.Жұбанов атындағы АӨУ білім алушыларының өзін-өзі адекватты бағалауын қалыптастыру.
Орталықтың қызметі психологиялық мәселелерді шешуге бағытталады.
Бейнелеу терапиясы, ертегі терапиясы, сондай-ақ ойын, құм, музыка терапиясы сияқты арт-терапевтік әдістерді қолдану Қ.Жұбанов атындағы АӨУ студенттерінің эмоционалдық жағдайына оң әсер етеді.
«ШОЛПЫ» ұлттық тәрбие кабинеті
№323 оқу аудиториясы
«Инклюзивтік білім беру» кабинеті
«Инклюзивтік білім беру» кабинетінің мақсаты: Ерекше білім алу қажеттілігі бар тұлғаларға инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық, тәжірибелік-әдістемелік қолдау және үйлестіру
«Инклюзивтік білім беру» кабинеті қызметінің бағыттары:
- білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету, педагогикалық – әдістемелік қолдау;
- толерантты әлеуметтік-мәдени ортаны қалыптастыру және волонтерлік көмек ұйымдастыру;
- әлеуметтік бейімдеу, түзету-дамыту
- психологиялық қолдау және кеңес беру.
Қолданбалы психология зертханасы
Қолданбалы психология зертханасының мақсаты: психология ғылымының қолданбалы бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізілуі, оқыту процесін оңтайлы ұйымдастыруда практикалық сабақтардың ұйымдастырылуы.
Қолданбалы психология зертханасының қызмет бағыттары:
- студенттік ғылыми зерттеу жобаларының орындалуы;
- маркетинг және әлеуметтік зерттеулер;
- диплом жобалары бойынша зерттеулер жүргізу.
Профессор А.А. Калюжный атындағы кабинет
Кабинет мақсаты: ғалымның ғылыми идеяларын зерттеу, педагогика және психология ғылымы салаларында теориялық, ғылыми- әдістемелік зерттеулер жүргізу, үздік және инновациялық технологияларды талдау, оқыту үдерісіне ендіру жұмыстарын ұйымдастыру.
Үмбетпай Уайдин атындағы оқу кабинеті
Кабинеттің мақсаты: ғалымның ғылыми идеяларын зерттеу, арнайы білім беру саласында теориялық, ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізу, үздік және инновациялық технологияларды талдау, оқу процесіне енгізу жұмыстарын ұйымдастыру.
Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы