Педагогика, психология және бастауыш оқыту кафедрасы – Кафедра тарихы
Педагогика, психология және бастауыш оқыту кафедрасы
Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы
Кафедра тарихы
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Педагогика, психология және бастауыш оқыту» кафедрасы Педагогика факультетінің жоғары кәсіби білім беруді жүзеге асырудағы жетекші құрамдас бөлігі болып табылады.
Кафедра «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Жалпыға Міндетті Білім Беру Стандартына, ҚР-ның Ғылым және білім министрлігінің нормативті-құқықты актілеріне, ЖОО-ның Жарғысына сәйкес бакалавр дайындайды.
Педагогика, психология және бастауыш оқыту кафедрасының оқу-тәрбие жұмысы мамандықтарды берілген талаптарға сай ұйымдастыруды толықтай қамтамасыз етеді.
Кафедра жоғары оқу орындарында кәсіби білім беру бағдарламаларын жоғары деңгейде жүргізеді, сондай-ақ педагогика және психология салалары бойынша ғылыми зерттеу жұмысына ақпараттық кеңес енгізеді.
1984 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының математика, кейіннен тарих факультетінің құрамында бастауыш кластарға жоғарғы білімді мамандар даярлау бөлімдері ашылды.
Жоғары білікті педагог кадрларын дайындау мақсатында 1988 жылы «Педагогика және бастауыш оқытудың әдістемесі» кафедрасы ашылды. «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының іргетасын қалауда Санкт – Петербург, Мәскеу, Полтава, Алматы, Атырау, Орск, Талдықорған, т.б. жоғары оқу орындарының тәжірибелері назарға алынып, қажетті құжаттар мен оқу құралдары жинастырылып, шығармашылықпен жүйеге келтірілді.
2004 жылдан бастап кафедра «Бастауыш оқытудың теориясы мен технологиясы» деп аталды.
2017 жылдан бастап «Жалпы педагогика және психология» кафедрасы «Әлеуметтік педагогика және бастауыш оқыту» кафедрасымен бірігіп, кафедра «Педагогика, психология және бастауыш оқыту» кафедрасы деп аталды.
«Жалпы педагогика және психология» кафедрасы тарихи дерек бойынша институтта 1966 жылы ашылған (тұңғыш меңгерушісі – Қ.Б.Балниязова). 1971 жылдан бастап кафедра «Педагогика және психология» деп аталды. 1976 жылға дейін бұл кафедраның меңгерушісі болып Имашев Шамиль қызмет істеді. 1976-1987 жылдары кафедраны белгілі ғалым, педагогика ғылымдарының кандидаты Мунасыпова Венера Ахметқызы басқарды.
1987-1989 жылдар аралығында педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Кухарева Тамара Алексеевна басқарса, 1989 жылы кафедра меңгерушісі қызметін аға оқытушы Айпеисова Айсауле Абдрахманқызы «Педагогика және психология» кафедрасында жалғастырды.
1991-1996 жылдары кафедраның атауы «Этникалық және жалпы педагогика» деп өзгертіліп, оны философия ғылымдарының докторы, профессор Алтай Тайжанов басқарды. Ал, 1996 жылдан 2004 жылға дейін кафедраны республикаға танымал белгілі ғалым, педагогика және психология ғылымдарының докторы, профессор, диссертациялық Кеңес мүшесі болған Анатолий Афанасьевич Калюжный (1952-2012) басқарды.
2005 жылы «Педагогика және педагогикалық психология» кафедрасының меңгерушісі болып доцент, п.ғ.к. Г.Р. Бахтиярова бекітіледі. 2008-2013 жылдары доцент, п.ғ.к. Л.Б.Алекешова, 2014-2017 жылдар аралығында доцент, п.ғ.к. Ж.А. Жусупова басқарды.
2017-2018 оқу жылынан бастап кафедра «Педагогика, психология және бастауышта оқыту» кафедрасы деп жаңа атау алды.
2020 жылдың 14 мамырынан «Педагогика, психология және бастауышта оқыту» кафедрасының меңгерушісі болып п.ғ.к., профессор Г.Р. Бахтиярова тағайындалды.
2020-2021 оқу жылынан бастап бүгінгі қоғам талабына сай және әлеуметтік педагог қызметінің функционалдық траекториясының кеңеюіне сәйкес 5В012300 – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасы жаңа мазмұнда толықтырылып, 6В01801 – «Әлеуметтік педагогика және тьюторлық» болып өзгертілді.
Педагогика, психология және бастауыш оқыту кафедрасында қазіргі таңда 8 педагогика ғылымдарының кандидаты (оның ішінде 2 профессор, 6 доцент), 9 аға оқытушы, 9 оқытушы («Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистрлер) еңбек етеді.
Кафедра тарихындағы түрлі кезеңдерде 5В010200 – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі», 6В01301– «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі», 5В012300 – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», 6В01801 – «Әлеуметтік педагогика және тьюторлық» білім беру бағдарламаларына ғылыми, практикалық тәжірибесі мол, жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы қызмет көрсетіп келеді. Атап айтқанда:
- п.ғ.к., профессор С.Е.Қаңтарбай КСРО және «ҚР білім беру ісінің үздігі», «Ы.Алтынсарин атындағы медаль иегері» (2006 ж.)
- п.ғ.к., доцент Ж.А.Жусупова «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» (2017 ж.), «Университетті дамытудағы еңбегі үшін» медалінің иегері (2020)
- п.ғ.к., профессор Г.Р.Бахтиярова «ЖОО-ның үздік оқытушысы 2019», «Университетті дамытудағы еңбегі үшін» медалінің иегері (2020)
- п.ғ.к., доцент М.К.Жазықова ҚР Ғылым және білім министрінің Алғыс хат иегері (2017 ж.), «Қ. Жұбанов» мерекелік медаль иегері (2020 ж.)
- п.ғ.к., доцент З.У. Адильшинова Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамотасының иегері. (2008 ж.)
- п.ғ.к., профессор К.О.Өмірбаева «ҚР білім беру ісінің үздігі», «Ы.Алтынсарин атындағы медаль иегері». (2009 ж.)
- п.ғ.к., доцент О.Ә.Шүңкеева «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері»,
- п.ғ.к., қауымдастырылған профессор С.С. Сейтенова (2010 ж.)
- п.ғ.к., доцент Б.К.Альмурзаева, п.ғ.қ., доцент Елеусинова Г.Е., п.ғ.к. Утепов М.Б.,
- аға оқытушылар Қ.Ә Қарабаева, Н.Ә Кенжебекова, Наренова А.Б., Капина Э.А., Баймаханова Г.К. «Қ. Жұбанов атындағы университетінің 50 жылдығына» арналған мерекелік медаль (2016 ж.)
- аға оқытушы А.Б.Наренова «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің еңбек ардагері» атындағы медаль иегері (2020 ж.)
- п.ғ.к., доцент З.У.Адильшинова, аға оқытушылар Г.Х.Алдашева, Э.А.Капина, Н.Ә.Кенжебекова, В.А.Кубиева университет ректорының Алғыс хат иегерлері (2020 ж.)
Профессор Қаңтарбай С.Е.
Профессор Өмірбаева К.О.
П.ғ.к., доцент Шункеева О.А.
П.ғ.к., доцент Сейтенова С.С.
П.ғ.к., доцент Адильшинова З.У.
П.ғ.к., Альмурзаева Б.К.
П.ғ.к., доцент Жусупова Ж.А.
Профессор, п.ғ.к. Бахтиярова Г.Р.
П.ғ.к., Досмурзаева А.С.
П.ғ.к., доцент Жазыкова М.К.
П.ғ.к., Утепов М.Б.
П.ғ.к., Елеусинова Г.Е.
П.ғ.к., Тенеряднова С.П.
Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының 09.12.2017 жылғы шешімі бойынша кафедра оқытушылары п.ғ.к., профессор С.Е.Қантарбай және п.ғ.к, кауымд.профессор С.С. Сейтенова Корреспондент Мүшесі болып сайланды.
2018-2019 оқу жылында 7М010200- «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша магистратура ашылды. Бітіруші магистрлердің кәсіби қызметінің саласы: 7М010200 –« Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының магистрі кәсіби қызметінің объектісі жалпы білім беретін мектептердің бірінші сатысының барлық түріндегі педагогикалық үдеріс және білім беру мекемелеріндегі әдістемелік жұмыс болып табылады.
Кәсіби қызметінің нысандары:
- диагностикалық – оқушы тұлғасын, оқыту, тәрбиелеу және даму нәтижелерін зерттеу;
- ұйымдастырушылық-технологиялық (педагогикалық технологиялар
- негізінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру);
- педагогикалық басқару («субъект-субъектінің» өзара әрекеті, білім беру менеджменті);
- жобалау (бастауыш мектептегі білім беруді моделдеу);
- ғылыми-зерттеу (білім беру мекемелеріндегі мәселелерді шешудегі шығармашылық ізденіс, пеадгогикалық тәжірибені зерттеу, рефлексия).
2018-2019 оқу жылында 8D010200 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасы бойынша докторантура ашылды. Бітіруші докторанттың кәсіби қызметінің саласы 8D010200 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасы бойынша PhD білім докторының кәсіби қызметінің объектісі болып жоғары оқу орындары мен орта-арнаулы білім беру мекемелеріндегі педагогикалық үдеріс, ғылыми-зерттеу мен басқару іс-әрекеті болып табылады.
Берілетін дәреже: PhD білім докторы.
Кафедрада 6В01301 – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі», 6В01801 – «Әлеуметтік педагогика және тьюторлық » білім беру бағдарламаларында жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрамы, бастауыш мектеп саласында ғылыми, практикалық тәжірибесі мол мамандар қызмет көрсетіп келеді.
Педагогика, психология және бастауышта оқыту кафедрасының оқытушысы п.ғ.к, кауым.профессор С.С. Сейтенова Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының VI Республикалық тәуелсіз қоғамдық «Үздік ұстаз» байқауының жеңімпазы атанды.
2018 жылының мамыр айында Білім беру жүйесіндегі жемісті еңбегі, педагогикалық шеберлігі жаңартылған білім беру технологияларын дамытудағы шығармашылық жетістіктері үшін кафедраның аға оқытушысы Н.Ә.Кенжебекова Облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен марапатталды.
2018-2019 оқу жылының бірінші жартыжылдығында Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша «Педагогика, психология және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Кубиева В.А. Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінде 23 қараша – 5 желтоқсан аралығында 5В010200 «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» ББ бағдарламасының 3 курс студенттеріне «Орыс тілін оқытудың теориясы мен әдістемесі» пәнінен дәріс оқыды.
Академиялық ұтқырлық бойынша бағдарлама шеңберінде біздің оқу орнымызға 23 қараша – 5 желтоқсан аралығында Валентина Алексеевна Хопренинова «Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі» мамандығының 3 курс студенттеріне «Орыс тілін оқытудың теориясы мен әдістемесі» пәнінен дәріс оқыды. Ол Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті. Өзара тәжірибе алмасу мақсатында оқылып жатқан дәрістен біздің студенттер көп ақпарат алуда.
2018жылы 29 қараша күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Педагогика факультеті , «Педагогика ,психология және бастауыш оқыту» кафедрасы бойынша «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» ББ бағдарламасының 2-3 курс студенттері арасында, топ кураторлары п.ғ.к, қауымдастырылған профессор Сейтенова С.С, аға оқытушы Досмырза Р.Ж. ұйымдастырылуымен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры » атты мақаласын талқылау дөңгелек үстел негізінде жүргізілді.
Шараның мақсаты:Жастарға Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры атты»мақаласын талқылау, тарихи сананы жастар санасында жаңғырту, ой елегінен өткізу.
Шара барысында студенттерге біздің дүниетанымыздың, халқымыздың өткені мен бүгінінің және болашағының іргелі негіздерін түсіндіру барысында мақала жүйесі бойынша өз ойларын ортаға салып, талқылауға белсене араласып, шара барысында қазақ елі туралы жыр жолдары оқылды.
Педагогика, психология және бастауыш оқыту кафедрасы профессор-оқытушыларының жарық көрген еңбектері.
30.06.2017.ж. Ғылыми тағылымдама
Педагогика факультетінің деканы, «Педагогика, психология және бастауыш оқыту» кафедрасының п.ғ.к., доценті Жусупова Ж.А. Голландия – Роттердам қаласында ғылыми тағылымдамадан өтті.
«Жаңартылған білім мазмұны»: теория, тәжірибе өзекті мәселелер» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция
27.04.2018 ж.
Ақтөбедегі Орынбор облысының күндері шарасына орай университетімізде көрме ұйымдастырылды.
21.05.2018 ж.
«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы» 3 курс студенттері университетішілік сенбілікте
«Педагогика, психология және бастауыш оқыту» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы кафедра филиалы Новый орта мектебінде «Инклюзивті білім берудегі мектеп мұғалімдері жұмысының негізгі бағыттары» тақырыбындағы семинарға қатысты
28.11.2018 ж.
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылауға арналған тәрбие шарасы
29.11.2018 ж.
«Онлайн курс дайындау кезеңдері мен механизмі» тақырыбындағы семинар
29.11.2018 ж.
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Педагогика факультетінде «Педагогика, психология және бастауыш оқыту» кафедрасында 2019 жылдың 31 қаңтар күні «Бала шақтан болашаққа» шарасы өтті. Шараға Ақтөбе қаласының № 1, 39, 38, 17, 21, 27, 23 мектептерінің түлектері қатысты.
Қазіргі білім қуып, ізденген жастардың ойы азат, таңдауы еркін, талғамы жоғары. Білім алудың негізі бастауыштан басталып, мамандыққа ұласады. Түлектерге кафедрада дайындалатын «Бастауыш сыныптың педагогикасы мен әдістемесі» және «Әлеуметтік педагогика мен өзін-өзі тану» мамандықтарының ерекшеліктері таныстырылды. Жоғарыда аталған мамандықтар бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасымен шет елдерде және Қазақстан қалаларында білімдерін жетілдірген студенттер өз тәжірибелерін ортаға салды.
Сонымен қатар, студенттер START-UP жобасына қатысу мүмкіншіліктері бар екендігін айтты.
Шара барысында «Кәсіби бағдар беру және жоғары оқу орнына дайындық» бөлімінің басшысы Идиева Ж.Ж., «Педагогика» факультетінің деканы, п.ғ.к., доцент Жусупова Ж.А. және «Педагогика, психология және бастауыш оқыту» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Сейтенова С.С. сөз сөйлеп, біздің университетіміздегі көптеген мүмкіншіліктер мен артықшылықтар туралы толық мәлімет берді.
«Педагогика» факультетінің деканы, п.ғ.к., доцент Жусупова Ж.А
«Педагогика, психология және бастауыш оқыту» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Сейтенова С.С.
Шара соңында қатысушы мектеп мұғалімдері мамандықтар туралы жан-жақты, терең мәлімет алғандарына және Қ.Жұбанов университетінде оқу ақысын төлеуде әр түрлі жеңілдіктер қарастырылып отырғанына өздерінің ризашылықтарын білдірді. Шара аяқталған соң түлектер «Конфуция» институтына, кітапханаға және студенттер мен қызметкерлерге арналған «Темір-қазық» қызмет көрсету орталығына саяхат жасады.
2021 жылдың 22 сәуір күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, педагогика факультеті «Педагогика, психология және бастауыш оқыту» кафедрасының ұйымдастыруымен «Әлеуметтік-гуманитарлық зерттеу контекстіндегі балалар мен жастар мәселесі» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Пленарлық мәжілісті модератор педагогика факультетінің деканы, п.ғ.к., доцент Ж.А.Жусупова ашты.
Мәжілістің кіріспе сөзін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің басқарма төрағасы-ректор м.а., т.ғ.д., профессор Р.А.Бекназаров алып, «Ұлттың жаңа болмысын» қалыптастыру идеясын жүзеге асырудағы әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер контекстіндегі бүгінгі балалар мен жастарды тәрбиелеу мәселесін ғылыми-теориялық және практикалық тұрғыдан қарастырудың өзектілігіне тоқталып өтті.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің басқарма төрағасы-ректор м.а., т.ғ.д., профессор Р.А. Бекназаров
Педагогика факультетінің деканы, п.ғ.к., доцент Ж.А.Жусупова
«Әлеуметтік-гуманитарлық зерттеу контекстіндегі балалар мен жастар мәселесі» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция
22.04.2021 жыл
Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы