Педагогика, психология және бастауыш оқыту кафедрасы – Оқу және ғылыми қызметі

Педагогика, психология және бастауыш оқыту кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Оқу және ғылыми қызметі

«Педагогика, психология және бастауыш оқыту» кафедрасы екі білім беру бағдарламалары бойынша қызмет етеді: 6В01301  «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі», 6В01801 – «Әлеуметтік педагогика және тьюторлық», сондай-ақ кафедра базалық және бейінді пәндер компоненттері циклы бойынша маман даярлайды (педагогика, психология және адам дамуы, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі, білім беру менеджменті, инклюзивті білім беру, бағалаудың өлшемдік технологиясы).

6В01301 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Оқу мерзімі: күндізгі бөлім – 4 жыл,  күндізгі-қысқартылған  бөлім  – 2 жыл, 3 жыл.

Академиялық дәрежесі: педагогика және бастауыш оқытудың әдістемесі  бакалавры.

Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі бакалаврының  кәсіби қызмет  саласы білім беру мекемелерін (облыстық, қалалық) қамтиды (жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысы, педагогикалық колледждер, білім жетілдіру және педагогикалық кадрларды қайта даярлау институттары, білім департаменттері).

Кәсіби қызмет түрлері:

  • ұйымдастыру-технологиялық (педагогикалық технология негізінде оқу және тәрбие процесін ұйымдастыру);
  • педагогикалық басқару («субъект-субъект» өзара іс-қимыл жасау);
  • жобалық (бастауыш мектептегі білімді қалыптастыру);
  • ғылыми-зерттеу (зерделеу, қорыту, ғылыми зерттеу негізінде озат тәжірибелерді тарату);
  • білім беру-педагогикалық (оқуға оқыту).

5В012300 – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» (2020 жылдан бастап   ББ бағдарламасының  атауы  6В01801– «Әлеуметтік педагогика және тьюторлық» болып өзгертілді )

Оқу түрі, мерзімі:

Күндізгі: 4 жыл, 3 жыл;

Күндізгі-қысқартылған: 3 жыл, 2 жыл.

Академиялық дәрежесі: 6В01801–«Әлеуметтік педагогика және тьюторлық»  ББ бағдарламасың   білім бакалавры

Кәсіби қызмет түрлері:

6В01801- «Әлеуметтік педагогика және тьюторлық»  білім беру бағдарламасы  бакалаврының кәсіби іс-әрекетінің саласы болып жалпы білім беретін ұйымдарда, арнайы (түзетуші) білім ұйымдарында, пенициатрлық типтегі мекемелерде, сауықтыру орталықтарында балалар мен оқушы жастарды әлеуметтендіру және тұлғалық дамыту процесі болып табылады.

6В01801 – «Әлеуметтік педагогика және тьюторлық» білім беру бағдарламасы  бакалаврының кәсіби іс-әрекет нысандары мемлекеттік құрылымдар, әлеуметтік бағыттағы мекемелер (әлеуметтік қамсыздандыру, жұмыссыздарға, төмен оқушыларға, еңбекке жарамсыздарға, еңбек ету мүмкіндігі шектеулілерге, қарт-қарияларға қолдау көрсету мен көмектесу органдары); мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беру мекемелері (мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, мектептер, балалар үйі, интернаттар, арнайы білім беру мекемелері); қоғамдық ортада өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен дамыту проблемаларымен айналысатын мекемелер (түземе және ақтау орталықтары, арнайы мектептер, колониялар); балалардың бос уақыттарын ұйымдастырумен және балалар шығармашылығын қолдаумен, өскелең ұрпақтың толыққанды әлеуметтенуімен және тұлғалық дамуымен айналысатын мекемелер (қоғамдық ұйымдар, балалар клубы, студиялар, сауықтыру лагері) болып табылады.

2015-2017 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру аясында  өткізілген жобаға  Әлеуметтік педагогика және бастауышта оқыту кафедрасының оқытушылары, п.ғ.к., доцент О.А. Шункеева, п.ғ.к. Б.К.  Альмурзаева «Ауылдық ресурстық орталықтар мен және өз бетіндік жұмыс жасайтын ШЖМ-ді бірыңғай ақпараттық – білім беру технопаркіне (ЖОО базасындағы базалық- тірек мектебіне) шоғырландыру» тақырыбындағы жобасымен қатысты. 2015 жылдың қаңтар айында жарияланған сайыс нәтижесінде аталған жоба қолдау тапты.

Профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері, авторлық курстар, таңдау пәндері және арнаулы пәндерді оқыту барысында пайдаланылады.

Соңғы жылдары кафедраның профессор-оқытушылар құрамы Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің ұсынуымен бірнеше оқу-әдістемелік материалдар жариялады:

  1. Бахтиярова Г.Р., Абильдина С.К. Инклюзивті білім берудің негіздері.Оқу құралы, -Ақтөбе, 2020 ж.
  2. Жусупова Ж.А. Педагогика (оқу құралы). – Ақтөбе, 2017 ж.
  3. Мукеева Н.Е., Ербулатова А.К. Методика преподавания музыкального искусства, учебное пособие для студентов, обучающихся на специальности 5В010200 – Педагогика и методика начального обучения. – Актобе, 2017.
  4. Жазыкова М.К. Этнопедагогика (оқу құралы) 2017 ж.
  5. Адильшинова З.Ү., Кубиева В.А. Русский язык. Учебное пособие. – Алматы, 2016.
  6. Жусупова Ж.А., Наренова А.Б., Баймаханова Г.Қ. 5В010000 «Білім» тобы мамандықтары 1-4 курс студенттерінің педагогикалық практика барысында зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған оқу-әдістемелік құралы. 2015ж.
  7. Сейтенова С.С. Қазақ тілі. Педагогикалық мамандықтардың орыс бөлімінде оқитын студенттерге арналған Оқу құралы. – Ақтөбе, 2015.
  8. Сейтенова С.С. Кәсіби қазақ тілі. Оқу құралы. 2-ші басылым. – Ақтөбе, 2014
  9. Наренова А.Б. Психология және адам дамуы (оқу құралы). – Ақтөбе, 2013 ж.

Жыл сайын кафедра профессор-оқытушылары қайта даярлау және біліктілікті арттыру  мақсатында шетелдік оқу орындарында болып, тәжірибе алмасуда. З.У.Адильшинова, Ұ.Ж.Туяқова Португалияда,  С.С.Сейтенова Түркия, Франция, Г.Р.Бахтиярова  Түркия, Германия, Әзірбайжан мемлекеттерінде, п.ғ.к., доцент О.Ә.Шункеева, п.ғ.к. Б.К.Альмурзаева Италияда, Чехияда, Б.Б.Ертлеуова Ұлыбританияда болып  қайтты.

Кафедраның оқытушылары тәжірибе алмасу мақсатында тек Қазақстандағы емес, шетелдердегі ғылыми семинарларға қатысады. 2016 жылдың 25-29 сәуір аралығында кафедраның доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты О.А.Шункеева және педагогика ғылымдарының кандидаты Альмурзаева Б.К.  Линц (Австрия) қаласында өткізілген  «Организация процесса обучения в сельских малых школах» тақырыбындағы  ғылыми – практикалық семинарға қатысып, болашақ бастауыш мектеп мұғалімдері үшін дәріс оқып, «Private university of Education of the Diocese Linz»  сертификат алды.

Кафедраның доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты С.Сейтенова 2014 жылы 1-10 шілде аралығында Франция мемлекетінің астанасы Париж қаласындағы Халықаралық КОНКОРД Академиясы ұйымдастырған «Organizations  international scientifique» (Халықаралық ұйымдар және ғылыми ынтымақтастық) тағылымдамасынан өтті. Аталған курстың мақсаты – Европа мен ТМД елдерінен келген ғалымдармен ғылыми ытымақтастықта болашақ мамандардың  шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін дамыту мәселесі бойынша тәжірибе алмасу, халықаралық конференцияға қатысу және Халықаралық КОНКОРД Академиясына  корреспондент-мүше болып кіру.

Халықаралық КОНКОРД Академиясының президенті, халықаралық құқық және экономика маманы, ЮНЕСКО мен Европа Кеңесінің эксперті, профессор Г.Томский дәріс оқыды және курсқа қатысушылар өз зерттеулері бойынша талқылады.

2013-2014 және 2014-2015 оқу жылдары «Қазіргі педагогика» орталығының директоры  «Обучение без границ» (Канада, Монреаль),  педагогика ғылымдарының докторы, профессор Рудик Г.А. оқытушылар мен студенттерге арнап дөңгелек үстел мен семинарлар өткізді.

2017 жылдың 7-20 ақпан аралығында кафедраның шақыруымен Варнов атындағы тәуелсіз университетінің профессоры, PhD, «Болгар – қазақстандық білім» форумының директоры Николай Буюклиев оқытушылар ұжымымен семинар  ұйымдастырды.

Профессор Николай Буюклиевтің қатысуымен мамандық студенттеріне «Педагогикалық шеберлік» пәні бойынша дәріс және практикалық сабақ өткізді. Сабақ барысында Еуропа және шетел білім жүйесінің ерекшеліктеріне аса назар аударылды.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттер Республикамыздағы әр түрлі ЖОО-да білім алуда. 2015-2016 оқу жылында «Әлеуметтік педагогика және өзін – өзі тану» мамандығының 3  курс студенттері Кайып Акбота, Габдрашова Гулим, Абамуслим Актоты, Егингалиева Айдана Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуды жалғастырды. 2016-2017  оқу жылында «Әлеуметтік педагогика және өзін – өзі тану» мамандығының 3  курс студенттері  Абдикаримов Нурлан,  Куанышбай Фариза, Болат Раушан    Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алды.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттердің білім алу өз республикамызда ғана емес, сонымен қатар халықаралық деңгейде жүзеге асырылуда. Осы мақсатта 5В012300 – «Әлеуметтік педагогика жән өзін-өзі тану»  мамандығының  2-курс студенті Куспанова Акерке  Америка Құрама Штатында  білімін жалғастырып келді.

2018-2019 оқу жылында 5В010200-«Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» ББ студенттері: Бигелді Н.М., Жаңабаева Б.Н., Шүренова Ф.Е.,Салахитдинова М.Ж., А.Қ.Боранбай Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде , 5В012300-«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру  бағдарламасының 3-курс студенті Суюнбаева Ж.М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде білім алды. 2018-2019 оқу жылының  I жартыжылдығында кафедра оқытушылары Кубиева В.А., Ертлеуова Б. Ресей мемлекеті, Орынбор  қаласындағы Орынбор мемлекеттік университетінде сыртқы академиялық  ұтқырлық бағдарламасы аясында тәжірибе алмасып қайтты.

2019-2020 оқу жылының I жартыжылдығында халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті мен Сакария университеті (Түркия Республикасы) арасындағы келісімге сәйкес «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім бағдарламасының 2-курс студенті  Төреғали Мәлика СағынышқызыСакария университетінде білімін шыңдап, тәжірибе алмасып келді.

Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ЖОО арасындағы өзара келісімге сәйкес  бойынша  2019-2020 оқу жылы бойынша 1-жартыжылдықта 5B010200-«Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»ББ бойынша М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінен келген  білім алушылар Жораева О.Ж., Сембаева И.М. білім алды.

2019-2020 оқу жылында Еуразиялық гуманитарлық университетінде 5B010200-«Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»ББ бойынша 3-курс студенттері Боранбай А.Қ.,Кувонишова Р.А. академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға жіберілді.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының доценті И.У.Хасанова 04.03-16.03.2019 ж.аралығында 5B010200-«Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»ББ бойынша 2-курс студенттеріне дәріс оқуға шақырылды.

2020-2021 оқу жылында  халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасымен  6В01301-«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім бағдарламасының  студенттері Сарашова  К.Е., Надырова З.С.,Боқатова Г.М., Курбангалиева М.К.Польша Республикасы, Быдгощ қаласындағы Экономика университетінде 17.11.2020 – 14.02.2020 ж. уақыт аралығында онлайн форматта сәйкес мамандықтары бойынша білімін  жалғастырып университеттің  білім бағдарламалары  бойынша оқу жұмыс жоспарларын салыстыру негізінде әр студентке жеке оқу жұмыс жоспары жасалды.

Ішкі академиялық ұтқырлық бойынша  2020-2021 оқу жылында  «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім бағдарламасының 3-курс студенттері  Муталиб Ф., Төлегенова А.А.,Утина З.К. Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде білім алды.

Кафедра оқытушылары университет көлемінде өткізілетін әр түрлі дөңгелек үстел, семинарларға белсенді қатысады. Сонымен қатар жыл сайын ғылыми апталық, пәндік олимпиадалар, сайыстар, брейн-рингтер өткізіледі. Кафедра профессор-оқытушылар құрамы студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту және психологиялық-педагогикалық білімдерін тереңдету бағытында белсенді қызмет атқарып келеді.

Кафедра оқытушылары облыстағы, жақын және алыс шетелдердегі ғылыми орталықтармен тығыз байланыс орнатқан. Атап айтқанда, М.Б. Утепов, Г.Е.Елеусінова, Б.Б. Ертлеуова, Г.Қ.Баймаханова Ақтөбе облысы бойынша «Өрлеу» біліктілік көтеру институты жанындағы эксперттік комиссиясының мүшелері; М.К. Жазықова, Б.Б.Ертлеуова ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару акдемиясының Ақтөбе облысы бойынша филиалының дәріскерлері; Ж.А.Жусупова, С.П. Тенеряднова, Э.А. Капина «Дарын» орталығы, Кіші ғылым академиясымен тығыз байланыста жұмыс жасайды.

Сонымен қатар кафедрада студенттердің ғылыми шығармашылық әлеуетін арттыру мен ғылымға деген құштарлығын ояту  мақсатында «Жас маман», «Ізденіс» атты әлеуметтік-ғылыми үйірмелер жұмыс істейді. Жетекшілері – аға оқытушы, Айтмағанбетова Ш,К., Мұхамбетжанова Б.Б; Одан бөлек игі істердің жанында жүрген «Ізгілік шуағы» волонтерлік клубы қызмет жасауда, ғылыми жетекшісі магистр, оқытушы Рән Ш.Ә.

Болашақ мамандардың кәсіби дайындығын қалыптастыру мен арттыруда кафедра қаланың орта арнаулы оқу орындарымен, қазақ-түрік лицейімен, Назарбаев зияткерлік мектебімен, дарынды балаларға арналған мектеп-интернатпен, арнаулы физика-математика мектеп-интернатымен, орта білім беретін №51 гимназия, №21 мектеп-гимназия, №24 лингвистикалық мектеп – гимназия, №27 мектеп-лицей, қазақ – түрік лицейі,  №1, №2, №17, №30, №33, №34, №35, №39, №40, №64, №63,  №51  мектептермен байланыс орнатқан.

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы