Педагогика, психология және бастауыш оқыту кафедрасы – Жетістіктер

Педагогика, психология және бастауыш оқыту кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуыы


Жетістіктер

2013 жылы 5В010200 – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы  және 2016 жыл  5В012300 – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану»  білім беру бағдарламасы бойынша аккредиттеуден өтті.

2020-2021 оқу жылынан бастап  бүгінгі қоғам  талабына сай және  әлеуметтік педагог   қызметінің функционалдық  траекториясының кеңеюіне сәйкес 5В012300 – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану»  ББ бағдарламасы   жаңа мазмұнда   толықтырылып  6В01801 – «Әлеуметтік педагогика және тьюторлық»  болып  өзгертілді

ҚР аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің қорытындысы бойынша 5В010200 – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мен 5В012300- «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламалары  ҚР жоғары оқу орындарының арасында 3-орынға ие болды.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы  5В010200 – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мен 6В01801 – «Әлеуметтік педагогика және тьюторлық» білім беру бағдарламалары  бойынша аймақтық және республикалық сұранысқа  сәйкес мамандар дайындайды.

2013 жылдың қорытындысы бойынша п.ғ.к., доцент С.С.Сейтенова «ЖОО орындарының үздік оқытушысы» атағына ие болса, 2017 жылы  п.ғ.к., доцент Ж.А.Жусупова «ЖОО орындарының үздік оқытушысы»,  2019 жылы   п.ғ.к., профессор  Г.Р.Бахтиярова «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын иеленді.

П.ғ.к., доцент Жусупова Ж.А.

Профессор, п.ғ.к. Бахтиярова Г.Р.

П.ғ.к., доцент Сейтенова С.С., Профессор Өмірбаева К.О.

2014 жылы 16 желтоқсанда профессор К.О. Өмірбаева Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 23 жылдығына орай Ақтөбе облысында мемлекеттік тіл саясатын жүргізуге асыруға белсене қатысқаны үшін облыс әкімінің «Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге, Қазақстандық рухани бірлікті қалыптастыруға зор үлес қосқаны үшін» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша жетістіктері

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша республикалық Білім және ғылым министрлігінің 2-ші дәрежелі дипломымен  Атыгаева Дания (ғылыми жетекші: Адильшинова З.У.), Қожаберген Толқынай (ғылыми жетекшісі: Сейтенова С.С.) марапатталды. Титова И.С. (ғылыми жетекшісі: Шункеева О.Ә.) Ресейдің Чебоксар қаласында өткен Халықаралық студенттердің ғылыми зерттеу жұмысында 2 –ші орынды иеленді.

2016 жылдың 26 ақпанында  Педагогика  факультетінің  «Әлеуметтік педагогика және бастауыш оқыту» кафедрасы білім беру, мәдениет пен толық педагогикалық процесті  әлеуметтік қолдау саласындағы әлеуметтік педагогикалық, инновациялық тәжірибені жаңарту:  Қазақстан ғалымдарының тәжірибелерімен алмасу және практикалық инновацияны тәжірибеге енгізу мақсатында «Қазіргі  қоғамдағы әлеуметтік педагогтың миссиясы: мәселелері мен стратегиясы» тақырыбында  Республикалық ғылыми-практикалық   онлайн  конференциясы өткізіліп, конференция жұмысына  Астана қаласы,  «Тұран-Астана»  университеті, Алматы қаласы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті және Тараз қаласы, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты қатынасты. Конференция жұмысына  қатынасушылар әлеуметтік педагогиканың қазіргі заманғы теориялық және практикалық мәселелері бойынша іс-тәжірибелерін ортаға салды.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша жетістіктері

Студенттердің республикалық жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауында 5В010200 – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша Елеусизова Береке, Сейтжанова Гүлжайна және 5В012300  – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының  студенті Рән Шынар марапатталды. Ғылыми жетекшісі  – доцент, п.ғ.к. Сейтенова С.С.

2014 жылғы 27-28 наурыз аралығында Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде VI Республикалық білімгерлердің пәндік олимпиадасына 5В010200-«Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» ББ бағдарламасынан төмендегі 3 -курс студенттері қатысты: Аманбаева Ақерке, Мүсірәлі Әйгерім, Жумабай Аида, Алмасқызы Нұрсұлу Жетекшісі: Адильшинова Зина Усейнгазиевна – педагогика ғылымдарының кандидаты, кафедра меңгерушісі.

Қатысқан 15 команда ішінен  «Ізгілік» тобы жалпы командалық есеп бойынша ІІI  дәрежелі дипломмен және «Білікті маман – заман талабы» атты студенттердің пәндік олимпиадасында үздік өнер мен білімін көрсетіп, белсенді қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

С.Багисова мен Т.Карсканова  республикалық студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстарында ақшалай сыйлыққа ие болды.

Жоғарғы оқу орындары студенттер арасындағы «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламалары  бойынша 14-15 сәуір аралығында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде ІV Республикалық пәндік студенттер олимпиадасында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» ББ бағдарламасының 3- курс студенттерінен құралған «Ізгілік шуағы» командасы жүлделі 1-ші орынды жеңіп алып, І дәрежелі дипломға ие болды. 1 орын иегерлеріне Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 70 жылдық мерей тойына орай шығарылған кітап, кубок және ауыспалы вымпельді тарту етті.

2015-2016 жылы 21-22 сәуір аралығында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды  мемлекеттік  университетінде (Қарағанды қаласы) ІV Республикалық пәндік студенттер олимпиадасында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» ББ бағдарламасының 2-3 курс студенттерінен құралған «Шамшырақ» командасының мүшесі  Гаухар Сағынбай  жеке сынақта  2-ші орынды жеңіп алды.

«Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының Республикалық пәндік олимпиададағы жеңісі

2017 жылдың 13-14 сәуірінде академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өткен «Креативті жоба» ІХ Республикалық пəндік олимпиадаға Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ Педагогика институтының 5В010200 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы жəне əдістемесі» мамандығының студенттерінен құралған «Шұғыла» командасы қатысып, жүлделі ІІІ-ші орынға иеленді. Топ жетекшісі: аға. оқытушы Айтқалиев Ғ.С.

2017 жылдың 27-28 сәуірінде V Республикалық пəндік олимпиадаға Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ Педагогика факультетінің 5В012300 – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану»  ББ бағдарламасының  студенттерінен құралған «Ізгілік шуағы» командасы қатысып, жүлделі ІІІ-ші орынға иеленді. Топ жетекшісі: Кежебекова Н.Ә.

30 қаңтар мен 11 ақпан аралығында мектеп мұғалімдеріне және «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» ББ бағдарламасының  4 курс студенттеріне «Жаңартылған білім беру мазмұны  – білім сапасын арттырудың кепілі» атты  72 сағаттық біліктілікті көтеру курсы өткізілді. Курстың мақсаты – жаңартылған бағдарламаны тәжірибеге енгізудегі алғашқы  өтпелі кезеңде оқу орнын бітіргелі отырған жоғары курс студенттері мен мектеп мұғалімдерінің  сұраныстарын қанағаттандыру. Біліктілікті көтеру  курсын  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті мен «Platon» Халықаралық білім дамыту орталығының (ХБДО) ынтымақтастығы және  «Университет-мектеп» ғылыми-педагогикалық зерттеу орталығы (ҒПЗО) өткізді. Біліктілікті көтеру курсы нәтижесінде қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

2018 жылы 5В010200 – «Бастауышта оқытудың педагогикасы және әдістемесі»  білім беру бағдарламасы бойынша аккредиттеуден өтті.

2017-2018 оқу жылының 2-ші жартыжылдығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 5В012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану ББ бағдарламасының  3-курс студенті  Ткачук Карина Польша республикасындағы Быдгощ   Экономика Университетінде  білім  алып  келді.

2018 жылдың  26 қазан күні  «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» және «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану»  ББ бағдарламасының студенттерімен Рухани жаңғыру жобасы аясында «Рухани жаңғыру – болашаққа бастар жол» атты тәрбие шара өткізілді.

2018-2019  оқу жылының бірінше жартыжылдығында  Ұлттық академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 5В010200- «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» ББ бағдарламасының 3 курс студенттері Бигелді Набат, Жаңабаева Бақытнұр, Шүренова Фариза және Салахатдинова Менсулу Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде білім алуда.

2018 жылдың 21-22 желтоқсан аралығында педагогика, психология және бастауыш оқыту кафедрасының доценті Алмұрзаева Б.К. «Парыз, жауапкершілік, уақыт: қазіргі заманғы көрініс орыс мәдениетінің призмасы арқылы» атты  форумына қатысты. Форум Ниш Сербияда өтті.

2017-2018 оқу жылының 2-ші жартыжылдығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 5В012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану ББ бағдарламасының  3-курс студенті  Ткачук Карина Польша республикасындағы Быдгощ   Экономика Университетінде  білім  алып  келді.

2018 жылдың  26 қазан күні  «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» және «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану»  ББ бағдарламасының студенттерімен Рухани жаңғыру жобасы аясында «Рухани жаңғыру – болашаққа бастар жол» атты тәрбие шара өткізілді.

2018-2019  оқу жылының бірінше жартыжылдығында  Ұлттық академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 5В010200- «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» ББ бағдарламасының 3 курс студенттері Бигелді Набат, Жаңабаева Бақытнұр, Шүренова Фариза және Салахатдинова Менсулу Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде білім алуда.

2018 жылдың 21-22 желтоқсан аралығында педагогика, психология және бастауыш оқыту кафедрасының доценті Алмұрзаева Б.К. «Парыз, жауапкершілік, уақыт: қазіргі заманғы көрініс орыс мәдениетінің призмасы арқылы» атты  форумына қатысты. Форум Ниш Сербияда өтті.

2020-2021 оқу жылы бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының І курс студенттері «International competition of scientific works and  creative projects of students and undargraduates on the use of ICT» атты жас ғалымдар мен студенттердің байқауын қатысып Уайсова Назерке ІІ орын алды, Елеусізова Динара ІІІ орынды иеленді.

Н.Назарбаев Қорының қолдауымен және Қазақстан жастары Конгресінің ұйымдастыруымен өткен «Jas Qalam» жастар журналистикасын дамытуға арналған  әлеуметтік желі және PR, тележурналистика, онлайн және баспа журналистика бағыттарын қамтыған  46 сағаттық Республикалық жобаға Бастауыш педагогикасы мен әдістемесі мамандығының студенттері қатысты.

Қ.Жұбанов атындағы АӨУ-нің «Саналы ұрпақ» студенттік клубының ұйымдастырылумен өткізілген «Саналы ұрбақ – мемлекеттің болашағы» атты эссе байқауында Бабаханова Камшат ІІІ орын иеленді.

2021-2022 оқу жылында Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі» тіл фестивалі аясында қазақтың көрнекті ағартушы-педагогі Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай «Ыбырай оқулары» атты көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауында  Гүлсімай Еркінқызы І орын алды.

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы