Психология және арнайы педагогика кафедрасы – Кафедра тарихы
Психология және арнайы педагогика кафедрасы
Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы
Кафедра тарихы
2023-2024 оқу жылында білім бағдарламаларының бағыттары бойынша өндірістік кажеттіліктерге байланысты кафедралар бөлініп, «Психология және арнайы педагогика» кафедрасы құрылды. Кафедра құрамында 1 ғылым докторы, 1 философия докторы (PhD), 9 ғылым кандидаты, 13 магистр жұмыс атқарады.
Бакалавриат:
- 6В03101- ПСИХОЛОГИЯ
- 6В03102 -КЛИНИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ
- 6В01902 – АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА
Магистратура:
- 7М03101 -ПСИХОЛОГИЯ
- 7М01902 -АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА
Кафедра филиалдары:
- ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті
- Қазақстан Республикасы 6655 Ұлттық гвардиясы
- «Анима» тұлғаны дамыту орталығы
- ҚР қылмыстық атқару жүйесі департаменті
- «Shеring» коучинг және тренинг орталығы
- Ақтөбе облыстық білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы (түзетім) балабақшасы КММ
- «Алма» сөйлеу тілінде күрделі бұзылысы бар балаларға арналған арнайы балабақша КММ
- «Ақбота» сөйлеу тілінде күрделі бұзылысы бар және көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы балабақша КММ
- №17 «Шұғыла» (түзету) мектепке дейінгі ұйымы
- Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернат колледж кешені
- №7 Арнайы (түзетім) мектебі
Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы
2022-2023 оқу жылында 6В01902 – Арнайы педагогика ББ бойынша 2 курс студенті Аделя Есенбек, Польша, Помор Академиясы (Польша мемлекеті) білім алды.
6В03101 – Психология ББ бойынша 3 курс студенті Әсемгүл Кенжеғали Кастомону университетінде (Түркия мемлекеті) білім алды.
6В03101-Психология ББ бойынша 3 курс студенті Ләззат Сейілханова Чанаккале Онсегіз Март Университетінде (Түркия мемлекеті) білім алды.
6В01901-Арнайы педагогика ББ бойынша 3 курс студенті Гаухар Танатарова Памуккале университетінде (Түркия мемлекеті) білім алды.
6В01901-Арнайы педагогика ББ бойынша 3 курс студенті Лаура Мингисиева Бинали Йылдырым Эрзинджан Университетінде (Түркия мемлекеті) білім алды.
2023-2024 оқу жылының 2 қазан мен 10 ақпан айының аралығындағы 6В03101-Психология ББ 3 курс студенті Әлемгүл Сәкенова Чанаккале Онсегіз Март Университетінде (Түркия мемлекеті) академиялық ұтқырлықпен білім алуда.
Жетістіктер
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде ұйымдастырылған Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасында «Арнайы педагогика» мамандығы бойынша Жұбанов университетінің командасы бірінші орынды иеленді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Ақтөбе облысы бойынша департаментімен ынтымақтастық аясында «Суицидтік мінез-құлықтың алдын алу», «Қызметкерлердің эмоционалдық күйлері және оларды түзету әдістері», «Қызметкерлердің кәсіби күйреуінің алдын алу» модульдер негізінде 72 сағат көлемінде сабақ жүргізіп, тренингтер өткізілді.
Курс барысында шекара қызметкерлері психологиялық әдістемелерді меңгеріп, психологиялық ауытқушылықтарды, суицидтік ойлардың белгілерін қалай тануға болатынын, психикалық аурудың қалай алдын алу керектігі бойынша ақпараттар алынды.
Практика апталығы
6В01902- Арнайы педагогика білім бағдарламасының 4 курс студенттері 2023-2024 жылдың 09-20 қазан аралығында өндірістік практикадан өтті. Кафедра менгерушісі К.Ж.Туребаева өндірістік практика базаларында болып, практиканың өту барысы жайында қорытынды жасады. Студенттердің өндірістік практика базаларынан өту барысы кафедра отырысында талқыланды.
Тәжірибе алмасу сабақтары
2023 жылдың 2 қазанда «Педагогика және білім беру менеджменті» факультеті, Педагогика және арнайы педагогика кафедрасының аға оқытушысы, педагогика магистрі Балтымова Майра Рашидовна 6В01901-Арнайы педагогика білім бағдарламасы 201 тобында «Логопедия негіздері» пәнінен «Дислалия. Сөйлеудің мағыналық бұзылуы» тақырыбында ашық семинар сабағы өткізді.
Семинар сабағында білім алушылар балаларда жиі кездесетін тіл кемшілігі дислалия, сөйлеудің мағыналық бұзылуы тақырыбында ғылыми-теориялық және тәжірибелік біліммен танысты. Сонымен қатар, дислалия тіл кемшілігін түзетудегі логопедиялық жұмыстардың түрлерімен танысып, дыбыс қою зондтарымен жұмыс жасаудың жолдарын меңгерді. Тіл кемшіліктерін түзетудегі кәсіби маман ретіндегі қабілеттерін арттыру мақсатында практикалық түрде артикуляциялық тіл жаттығуларын жасап көрсетті. Сабақтың тақырыбына сай білім алушылар теориялық және тәжірибелік жұмыстарды меңгерді.
16.10.2023 жылы “Психология және арнайы педагогика” кафедрасының аға оқытушысы А.А.Утеуова, 6В03101-Психология ББ 401 тобында «Топтық терапия» пәні «Топ жетекшісінің жеке және кәсіби қасиеттеріне қойылатын талаптар» тақырыбында, оқытушы, магистр Р.А.Қазбергенова, 6В03101-Психология ББ 301 тобында «Әлеуметтік психология» пәнінен «З.Фрейд, Э.Эриксон, Э.Фромм, А.Адлер» тақырыбында тәжірибе алмасу сабағы өткізілді.
18.10.2023 ж “6В03101 – Психология”мамандығының 103 топ білім алушыларына жалпы психология пәнінен «Сананың теориялық мәселелері» тақырыбында сабақ өтті . Білім алушылар тақырыпты терең ашып, сабақ өз мақсатына жетті.
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы жүйелі түрде оқыту процесін жетілдіру және оны жаңа инновациялық технологиялармен қамтамасыз ету мақсатында «Өрлеу» біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Соңғы үш жылда оқытушылар С.Е.Досжанова, М.Н. Есенгулова, Г.И. Туретаева, Г.К.Кусаметова, А.М.Таганова, М.Ю.Саутенкова, А.Т. Каримова, Г.М. Каримова, А.А.Утеуова, Б.Б.Исатаева, А.К.Измагамбетов, Р.Д. Дүйсенбаева, А.Т.Рыстығұлова, Р.М.Измагамбетова, Н.Е.Бозғұланова, К.М.Кеңшілікова, Р.Е.Тильмагамбетова. Б.И.Амантаева аталған курс бағдарламаларын меңгерді. 2017 жылы кафедра оқытушылары Б.Т.Жубатырова, Р.Д.Дүйсенбаева, А.Т.Рыстығұлова Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде ағылшын тілінен біліктілік көтеру курстарынан өтті.
Сонымен қатар, 2020-2021 оқу жылында кафедраның профессор-оқытушылар құрамы университеттегі Үздіксіз білім беру институтының цифрлық технологияларды оқыту процесіне белсенді түрде ендіру мақсатында ұйымдастырған «Интерактивті электронды курстар дайындау», «Видеодәрістер жазуда қолданылатын виртуалды орталар», «Тест құруға арналған интернет платформалар», «Сандық білім беру мен қашықтықтан оқытудағы заманауи коммуникациялық технологиялар мен құралдар», «Организационная культура: от контроля к оценке результатов», «Современные подходы к организации учебного процесса. Поддержка инновационных педагогических технологий», ««Subject-language integrated learning in the process of teaching special disciplines»», «Информационные технологий и их роль в создании систем дистанционного образования и активизации самостоятельного обучения», «Методология проведения исследования и написания статей», «Управленческое мышление: технологии и практика», «Киберпедагог», «ЖОО-дағы инклюзивті білім беру», «Инновационные технологии и методика дошкольного обучения», «Event-менеджмент. Корпоративтік іс-шараларды ұйымдастыру», «Основы трудового законодательства» білім жетілдіру курстарынан өтті.
2021-2022 оқу жылының басында К.Ж.Туребаева Алматы облысы, Чунджа ауданындағы Қазақстан психоанализ қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен «Психологическое сопровождение современной организации: системная супервизия, digital-стратегии» тақырыбындағы курсынан өтті. Н.Е.Бозғұланова педагогикалық білім беруді жақсарту мақсатында Дүниежүзілік Банктің “Педагогикалық білім беру әлеуетін күшейту” жобасы шеңберінде біліктілікті арттыру курсынан өтуде.
Аккредиттеу Кеңесінің шешімімен 6В03101-Психология білім беру бағдарламасы 7 жыл мерзімге аккредиттелген (05.12.2021 – 04.12.2028., тіркеу № АВ 3826, берілген күні 28.01.2022 ж.), 7М03101-Психология білім беру бағдарламасы 5 жыл мерзімге аккредиттелген (05.12.2021 – 04.12.2026., тіркеу № АВ 3827, берілген күні 28.01.2022 ж.).
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті сайтында “6В03101-Психология” ББ туралы ақпарат жаңартылып отырады. Білім беру бағдарламасы 2 траектория бойынша жүзеге асырылады: HR-менеджер және психолог-кеңесші, сәйкесінше модульдік оқу жоспарында модульдер пәндері траекторияларға сәйкес келеді. Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу кезінде талапкерлерге “6В03101-Психология” ББ траекториясына қатысты толық ақпарат беріледі.
Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы