Психология және арнайы педагогика кафедрасы – Жетістіктер
Психология және арнайы педагогика кафедрасы
Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы
Жетістіктер
Профессор-оқытушылар құрамы жоғары оқу орнының оқыту процесін ұйымдастыру және ғылыми-зерттеушілік қызметін дамытуда бүгінгі таңда елеулі жетістіктерге қол жеткізген. Кафедра оқытушылары білім беру саласындағы көпжылдық және мінсіз еңбектері мен жоғары білікті мамандар дайындауға қосқан үлестері үшін ҚР БжҒМ, облыс басшысы, сонымен қатар облыстық, қалалық білім ұйымдары басшыларының алғыс хаттары мен марапаттарына ие болған.
Профессор-оқытушылар құрамы жоғары оқу орнының оқыту процесін ұйымдастыру және ғылыми-зерттеушілік қызметін дамытуда бүгінгі таңда елеулі жетістіктерге қол жеткізген.
Соның ішінде, педагогика ғылымдарының докторы, профессор К.Ж.Төребаева жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы.Алтынсарин», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілері, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері;
Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент А.К.Кенжеғұлова «Ы.Алтынсарин», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерінің, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері;
Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор А.А.Тасимова «ҚР Білім беру ісінің үздігі», «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері;
Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент С.Е.Досжанова «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалі, ҚР Білім және ғылым министрлігінің«Құрмет грамотасы», «Білім беру саласына сіңірген еңбегі үшін» дипломы иегері;
Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Г.И.Туретаева білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы төс белгісі, Құрмет грамотасы иегері;
Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент М.Н.Есенгулова, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Г.К.Кусаметова, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент М.Ю.Саутенкова, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент А.М.Таганова «Университетке 50 жыл» мерекелік медалі, Ақтөбе облыстық ғылыми – тәжірибелік орталығының Алғыс хаты, Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қорының Алғыс хаттары иегерлері.
П.ғ.к., доцент М.Н.Есенгулова Жапония мемлекетіндегі Цукуба университетінде «ЖОО оқытушылары арасында білім беру және ұйымдастыру дағдыларын кәсіби дамыту» тақырыбында білім жетілдіру курсынан өтті.
П.ғ.к., доцент С.Е.Досжанова Польшаның (Быдгощь) Экономика университетінде білім жетілдіру курсынан өтті
2017-2018 оқу жылының басында университетте алғаш рет ұйымдастырылған университетішілік «ARSU START-UP-2017» стартап жобалар байқауында кафедра меңгерушісі, п.ғ.д., профессор К.Ж.Туребаева жетекшілігімен жас мамандар педагогика магистрлері Г.Ж.Айтмаганбетова және Н.Е.Бозғұланова «Ақылды балабақша» тақырыбында ұсынылған жоба негізінде І-дәрежелі орынға ие болып, университет ректорының алғыс хатымен марапатталды.
Бұл жоба бойынша 2018 жылы желтоқсан айында «Зерек» балаларды дамыту орталығы ашылды. Бұл орталықтың мақсаты: 5-10 жас аралығындағы балаларды физиологиялық дамыту; денсаулық сақтау және қауіпсіздік мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау, сөйлеу тілі және тірек қимыл аппараты бұзылыстарын түзету; кеңістікті бағдарлауға үйрету; мектепке оқуға дайындау; интеллектуалдық дамыту; компьютерлік сауаттандыру; бейнелеу өнері қабілетін дамыту; ағылшын тілін меңгерту.
6В01201-«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», 6В01901-Дефектология ББ студенттері соңғы он жыл ішінде көптеген жетістіктерге қол жеткізді.
2016 жылы Қарағанды қаласында өткен республикалық пәндік олимпиадада 2-орын, 2017 жылы Қарағанды қаласында өткен республикалық пәндік олимпиадада 6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ББ 1орын, 6В01901-Дефектология ББ 2 орын, 2018 жылы 6В01901-Дефектология ББ 1 орынды иеленген.
2019 жылы кафедраның аға оқытушысы Дүйсенбаева Р.Д. жетекшілігімен студенттер Г.Жалғасова, А.Ерахметтің ұсынған «Дыбыстар әлемі» мен М.Қуанышбекова, Н.Қуанғалиқызының «Мектепке дейінгі жастағы балалардың ұсақ моторикасын дамыту (асық ойындары)» жобалары «Менің арманым» атты республикалық стартап жобалар байқауының іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, Астана қаласында өткен 2 кезеңде жүлделі орынға ие болды.
Университетішілік «Ең үздік студенттік ғылыми үйірме» байқауында п.ғ.к., доцент М.Н.Есенғұлова жетекшілігімен «Таным» студенттік ғылыми үйірмесі жүлделі 2 орынды иеленді.
2019 жылы Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі тарапынан жүргізілген ҚР ЖОО бас рейтингісінің нәтижесінде 6В01201 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім бағдарламасы II орын, 6В01101 – Педагогика және психология білім бағдарламасы ІІІ орын, 7М03101 – Психология (магистратура) білім бағдарламасы ІІІ жетекші орындарға ие болды.
2020 жылы 6В01201 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім бағдарламасы І орын, 6В01101 – Педагогика және психология білім бағдарламасы ІІІ орын, 7М03101 – Психология (магистратура) білім бағдарламасы ІІІ жетекші орындарға ие болды.
2019 жылы сәуірде Ғылым апталығы аясында ұйымдастырылған «Жыл үздігі» байқауында «Үздік кафедра-2019» номинациясына ие болды.
2020 жылы университетте жыл сайын қорытындыланатын KPI көрсеткіштері бойынша кафедра жүлделі 1 орынга ие болды.
Университетте КВН ойындарынан үздіктер қатарынан көрінген «To’rt say’saq» командасы
Республикалық Х жазғы универсиада жүлдегері 6В01100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ББ студенті Сахытова Айнура
Кеңес одағының батыры Әлия Молдағұлованы еске алуға арналған Халықаралық турнирдің 57 кг салмақ дәрежесінде 2 орын иегері Мақанова Гүлнұр Нұрбекқызы 6В01101-Педагогика және психология ББ студенті
Қарағанды қаласында өткен Қазақстан Республикасы ЖОО студенттері арасында 6В01901- Арнайы педагогика ББ бойынша өткен ХІ Республикалық пән олимпиадасының І орын жүлдегері Азамат Сүлеймен.
«Ақтөбе дарыны» Жастар сыйлығының және «Жыл студенті» номинациясының иегері 6В01901-Арнайы педагогика ББ түлегі Жалгасова Гүлманат
«Ерекше кітаптар әлемі» жобасы аясында «Саусақ ұшындағы инклюзия» республикалық байқауда 2 дәрежелі «Үздік тактильді кітап» номинациясын иеленген Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Арнайы педагогика мамандығының 3 курс студенттерін Абдикалыкова И.М., Асылбек С.К. марапаттарымен құттықтаймыз!!!
Білім алушылардың ұсынған Жеті лақ ертегісінің тактильді кітап үлгісі Брайль жүйесімен жазылып Ақтөбе облыстық кітапханасының қорына тапсырылды. Білім алушылардың тактильді кітапты жасауда жетекшілік жасаған аға оқытушылары М.Р.Балтымова, Ж.О.Оразоваға алғыс білдіреміз!
Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы