Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту кафедрасы – Кафедра тарихы

Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Кафедра тарихы

2023-2024 оқу жылында білім бағдарламаларының бағыттары бойынша өндірістік кажеттіліктерге байланысты кафедралар бөлініп, «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту» кафедрасы құрылды. Кафедра құрамында 7 педагогика ғылымдарының кандидаты (оның ішінде 2 профессор, 5 доцент), 8 аға оқытушы, 2 оқытушы жұмыс атқарады.

Бакалавриат

  • 6В01301- Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
  • 6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Магистратура

  • 7М01301- Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
  • 7М01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Докторантура

  • 8D01301- Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Кафедра филиалдары

  • Әл-Фараби атындағы мамандандырылған № 21 гимназия
  • «Әбіш Кекілбайұлы атындағы №72 ЖББО ІТ мектеп-лицейі»
  • Ұ.Құлымбетов атындағы №64 орта жалпы білім беру мектебі
  • №39 орта мектебі
  • М.Дулатұлы атындағы №63 жалпы білім беретін орта мектеп-лицейі
  • №45 «Алтын бала» МДҰ
  • №33 «Нұрсәт» балабақша
  • №16 «Ақ қайың » балабақша
  • №12 «Інжугүл » балабақша
  • № 33 «Бөбек» МДҰ

Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы

6В01201 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу  ББ бойынша 3 курс студенті Айдана Бекболат Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде  білім алды.

6В01301- Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі ББ бойынша 4 курс студенті Динара Елеусіова Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде білім алды.

6В01201 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу  ББ бойынша 3 курс студенттері Жансая Дүйсеналина, Айгерім Файзуллаева, Қамажай Худайбергенова М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінен келіп,  білім алды.

2020-2021 оқу жылы бойынша «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өткен Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының рейтингі бойынша педагогика факультетінің ББ жүлделі орындарды иеленді.

І орын 6В01201 — Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ББ

ІІ орын 6В01301 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

2021-2022 оқу жылы бойынша ҚР ҰКП “Атамекен” қорытындылаған білім бағдарламаларының рейтингісінде 1-орын 6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ББ иеленді.

Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту  кафедрасы профессор-оқытушыларының жарық көрген еңбектері

2023 жылдың 2 наурызында «Бастауыш мектепте жаратылыстану пәнін оқытудың қазіргі әдістері» тақырыбында кафедра филиалы Ақтөбе қаласындағы Әбіш Кекілбайұлы атындағы №72 ЖББО IT мектеп-лицей базасында аймақтық оқу-әдістемелік семинары өткізілді.

Бастауыш білім берудің озық технологияларын қолдану мүмкіндіктері. Аталған тақырыпта 2023 жылдың 5 қаңтар күні 6В01301-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі ББ-ның ұйымдастыруымен Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Сарыжар ауылындағы Хлебодаровка ЖОББМ-де кафедра филиалымен бірлескен оқу-әдістемелік семинар өткізілді.

2022 жылдың 27 желтоқсанында 6В01201- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ББ-ның ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі білім беру саласындағы сапалы өзгерістерге бағытталған пәндік кеңестік ортаны трансформациялау» тақырыбында қонақ дәріс ұйымдастырылды.

2022 жылы 1 желтоқсанда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті 6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ББ-ның  ұйымдастыруымен «Қонақ дәріс» жобасы аясында М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің PhD, доцент М.М.Книсарина, аға оқытушы Г.С.Жумалиева  «Ғылыми жоба дайындаудың әдіс-тәсілдері және тиімді жолдары» тақырыбында дәріс өткізді.

2021 жылдың 7 сәуір күні «Жас тәрбиешілер» ғылыми үйірмесі 6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ББ студенттеріне арналған «Арт-терапия балалардың эмоционалды даму құралы ретінде» Zoom платформасында онлайн семинар өткізілді.

Ғылым айлығы аясында «Бастауышта оқыту әдістемесі алаңы» атты озық тәжірибелер көрмесі өткізілді. Көрмеде 7М01301- « Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім бағдарламасының 1-2 курс магистранттары өзара тәжірибе алмасып, бастауыш білім беру жүйесіне негізделген озық әдістемелердің көрме жұмыстарымен таныстырды.

2023 жылдың 30 қазан күні «Заманауи білімге жаңаша көзқарас» тақырыбында  кафедра филиалдарымен бірлескен қалалық  оқу-әдістемелік семинар өткізілді.

Кафедра тарихы

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік  университетінің  «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту» кафедрасы Педагогика және білім берудегі менеджмент факультетінің жоғары кәсіби білім беруді жүзеге асырудағы жетекші  құрамдас бөлігі болып табылады.

Кафедра  «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, ҚР-ның Ғылым және жоғары білім министрлігінің нормативті-құқықты актілеріне, ЖОО-ның Жарғысына сәйкес бакалавр, магистр, доктор PhD  дайындайды.

Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту кафедрасының оқу-тәрбие жұмысы мамандықтарды (ББ) берілген талаптарға сай ұйымдастыруды толықтай қамтамасыз етеді.

1984 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының математика, кейіннен тарих факультетінің құрамында бастауыш кластарға жоғарғы білімді мамандар даярлау бөлімдері ашылды.

Жоғары білікті педагог кадрларын дайындау мақсатында 1988 жылы «Педагогика және бастауыш оқытудың әдістемесі» кафедрасы ашылды. «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының іргетасын қалауда Санкт-Петербург, Мәскеу, Полтава, Алматы, Атырау, Орск, Талдықорған, т.б. жоғары оқу орындарының озық тәжірибелері назарға алынып, қажетті құжаттар мен оқу құралдары жинастырылып, шығармашылықпен жүйеге келтірілді.

2004 жылдан бастап кафедра «Бастауыш оқытудың теориясы мен технологиясы» деп аталды.

2005 жылы «Педагогика және педагогикалық психология»  кафедрасының меңгерушісі болып доцент, п.ғ.к. Г.Р.  Бахтиярова бекітілді. 2008-2013 жылдары  доцент, п.ғ.к. Л.Б.Алекешова2014-2017 жылдар аралығында  доцент, п.ғ.к. Ж.А.  Жусупова басқарды.

2017-2018 оқу жылынан бастап кафедра «Педагогика, психология және бастауышта оқыту» кафедрасы деп  жаңа атау алды.

2020 жылдың 14 мамырында «Педагогика, психология және бастауышта оқыту» кафедрасының меңгерушісі болып п.ғ.к., профессор  Г.Р.  Бахтиярова тағайындалды.

2023 оқу жылынан бастап кафедра «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту» кафедрасы деп  жаңа атау алды.

Кафедра тарихындағы түрлі кезеңдерде   5В010200 – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі», 6В01301– «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі»,   6В01201 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламаларына   ғылыми, практикалық тәжірибесі мол, жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы қызмет көрсетіп келеді. Атап айтқанда:

  • п.ғ.к., профессор С.Е.Қаңтарбай КСРО және «ҚР білім беру ісінің үздігі», «Ы.Алтынсарин атындағы медаль иегері» (2006 ж.)
  • п.ғ.к., доцент Ж.А.Жусупова «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» (2017 ж.), «Университетті дамытудағы еңбегі үшін» медалінің иегері (2020)
  • Педагогика, психология және бастауышта оқыту кафедрасының  оқытушысы п.ғ.к, кауым.профессор С.С. Сейтенова Қазақстан педагогикалық ғылымдар Академиясының VI Республикалық тәуелсіз қоғамдық «Үздік ұстаз» байқауының жеңімпазы атанды.
  • 2018 жылдың мамыр айында Білім беру жүйесіндегі жемісті еңбегі, педагогикалық  шеберлігі жаңартылған білім беру технологияларын дамытудағы шығармашылық жетістіктері үшін кафедраның аға оқытушысы Н.Ә.Кенжебекова  Облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен марапатталды.
  • п.ғ.к., профессор Г.Р.Бахтиярова «ЖОО-ның үздік оқытушысы 2019», «Университетті дамытудағы еңбегі үшін» медалінің иегері (2020)
  • п.ғ.к., доцент М.К.Жазықова ҚР Ғылым және білім министрінің Алғыс хат иегері (2017 ж.),   «Қ. Жұбанов» мерекелік медаль иегері (2020 ж.)
  • п.ғ.к., профессор К.О.Өмірбаева «ҚР білім беру ісінің үздігі», «Ы.Алтынсарин атындағы медаль иегері». (2009 ж.)
  • п.ғ.к., доцент О.Ә.Шүңкеева «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері»,
  • п.ғ.к., қауымдастырылған профессор С.С. Сейтенова (2010 ж.)
  • п.ғ.к., доцент Б.К.Альмурзаева,   п.ғ.қ., доцент Г.Е.Елеусинова, п.ғ.к. М.Б.Утепов,
  • аға оқытушылар Қ.Ә Қарабаева, Н.Ә Кенжебекова, А.Б.Наренова, Э.А.Капина, Г.К.Баймаханова «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 50 жылдығына» арналған мерекелік медаль (2016 ж.)
  • аға оқытушы А.Б.Наренова «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің еңбек ардагері»  атындағы медаль иегері (2020 ж.)
  • аға оқытушылар Г.Х.Алдашева, Э.А.Капина, Н.Ә.Кенжебекова, В.А.Кубиева университет ректорының Алғыс хат иегерлері (2020ж.)
  • аға оқытушы В.А.Кубиева университет ректорының Алғыс хат иегерлері (2023ж.)
  • 2023 жылының қазан айында Білім беру жүйесіндегі жемісті еңбегі, педагогикалық  шеберлігі жаңартылған білім беру технологияларын дамытудағы шығармашылық жетістіктері үшін кафедраның аға оқытушысы М.А.Аманжол  Облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Профессор С.Е.Қаңтарбай

Профессор К.О.Өмірбаева

П.ғ.к., доцент А.О.Шункеева

П.ғ.к., доцент С.С.Сейтенова

П.ғ.к., Б.К.Альмурзаева

П.ғ.к., доцент Ж.А.Жусупова

Профессор, п.ғ.к. Г.Р.Бахтиярова

П.ғ.к., А.С.Досмурзаева

П.ғ.к., доцент М.К.Жазыкова

П.ғ.к., С.П.Тенеряднова

 

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы